Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


 ЖАҺАНДАСУ МЕН ТҮРКІ БІРЛІГІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет160/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

24. ЖАҺАНДАСУ МЕН ТҮРКІ БІРЛІГІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТҮРКІ 
МЕМЛЕКЕТТЕРІ БІРЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ
Адамзаттың саяси тарихының соңғы жүз жылдығы халықаралық қарым-
қатынастардың ғаламдық саяси үлгіге сай және әлемнің саяси аренасына 
мемлекеттердің анағұрлым көптеп шығуы үрдістерінің тұрақты дамуымен 
көзге түсуде. Тарих адамдарды, қоғамдар мен мемлекеттерді де «өте-мөте 
күштілерден тәуелсіз жағдайларда өз егемендіктеріне сенімділікпен баруға 
үндеуде. Осыдан жүз жыл ғана бұрын бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде 
әлемнің бар болғаны шамалы ғана мемлекеті саясатта өзінің шешуші даусына 
ие еді. Еуропа құрлығы мен барша әлемде дүние жүзінде көшбастаушылық 
жолындағы күрес 1913 жылы ғаламшар тарихындағы бірінші әскери-саяси 
блоктың құрылуына және ғаламдық соғысқа әкелді. Бірінші дүниежүзілік 
соғыстан соң, бірден халықаралық қатынастарды ғаламдық деңгейлерде 
реттеп отыратын алғашқы ғаламдық жүйелер құрылды. Дегенмен, 1919 жылы 
Париждің бейбітшілік конференциясының нәтижесі ретінде құрылған Ұлттар 
Лигасы әлеуетті империалистік елдердің мүдделерін қорғаушы ретінде жұмысқа 
кіріскендіктен, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзінің халықаралық беделін 
жоғалтып алды. 
Еуропа мемлекеттерінің біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында 
1930 жылы Франция құрлықтағы 27 мемлекетке «Еуропаның Федералдық 
Одағын» құру жөнінде ұсыныстар жасады. Алайда сәтсіздікке ұшыраған 
«панеуропалық жоспар» әлемдегі милитаристік пиғылды үдете түсті. Әлемнің 
жер шары тұрғындарының 80 пайызын құраған 61 мемлекеті қатысқан екінші 
дүниежүзілік соғыс өзінің жағрапиялық қамтуы жағынан аса үлкен соғыс 
болып, 1945 жылы милитаристік мемлекеттердің жеңілуімен аяқталды. Одан
әрі «қырғиқабақ соғыс» басталып, ол Кеңестер Одағы ыдырағанша жалғасты 
/1947-1990/. Әлемдегі АҚШ пен КСРО-ның көшбасшылықтарымен дүниежүзі- 
нің екі полярлы халықаралық жүйесі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс 
пен «қырғиқабақ соғыс» әлемдік империализмнің ішіндегі аса үлкен де қатал 
шиеленістерді тудырып, әлемде «этностық қайта өрлеулерді» әкелді. Сөйтіп, 
әлемде бодандыққа қарсыласу мен тәуелсіздікке ұмтылу бел ала бастады. 
Егер 1914 жылы Еуропада 17 тәуелсіз мемлекет болса,1922 жылы олардың 
саны 24-ке жетіп,1930 жылы-27-ге ,ал 2000 жылы бірден 44 мемлекет болды. 
Олардың 22-і КСРО ыдыраған соң пайда болған елдер. Ал Еуразияның Орталық 
өңірінде тәуелсіздікке қол жеткізгендер қатарында түркі тілдес мемлекеттер де 
болды. Өткен жүзжылдықтағы аса мәнді де шұғыл бетбұрысты кезең ретінде 
ғаламшарымыздың барлық құрлықтарында тәуелсіз мемлекеттердің пайда 


277
Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...
болуы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуын және Еуоодақтың шаңырақ 
көтеруін
 
айтқанымыз дұрыс.
Өткен жүзжылдықтағы күрт өзгерісті оқиғалар сапында /1/ ғаламшарымыздың 
барлық құрлықтарында тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және /3/ 
Еуроодақтың құрылуы дер едік. Бұл оқиғалар халықаралық саяси аренада және 
халықаралық құқық саласында белсене түскен үрдістердің қатарында болды. 
Соңғы жүзжылдықтағы әлемдік тәжірибе тәуелсіздік пен одақтастықтың аса 
жаңа саяси тарихының болмысын анықтайды. Осынау үрдістердің қисынды 
нәтижесіндей ғаламдасу да өзінің шын мәніндегі болмысының алғы сапына 
тәуелсіздігін алған мемлекеттердің бірігуін, саяси-құқықтық кеңістіктер 
құруына мүмкіндік беруді алға шығаруда. Әлемдік мемлекеттердің егеменділік 
құқықтарын мойындаған Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралқ қарым-
қатынастардпағы олардың бірлестіктер мен ұйымдар құру саласындағы 
қадамдарына халықаралық деңгейлерде негіздер құруда /207.2-26 б/. 
БҰҰ құрылған 68 жылдан соң әлемде ондаған ғаламдық бірлестіктер 
мен құрылымдар қалыптасып, еуропалық өңірлік мемлекеттер біртұтас 
еуропалық одаққа бірігіп, ғаламдық ынтымақтасудың сөзсіз болатын 
қозғалыс екенін дәлелдеді. Ақиқатында, Түркі Мемлекеттері Одағын құру 
да осынау ғаламшарлық ынтымақтасудың бір бөлшегі. Тәуелсіз түркі мем- 
лекеттерінің түркі тілдес мемлекеттердің одағына айналуының негізгі 
кезеңдерін жалпы түркілік саяси өмірдің төңкерістік құбылуларының кезеңі деп 
есептеген дұрыс. Неге десеңіз, бұл кезеңде Әлемнің Жаңа Тарихында Тәуелсіз 
Түркі Мемлекеттері өзіне артылған миссияны орындап шығу қажеттілігін бір 
ғана идеямен қаруланырып, Үлкен Бірлікке қарай батыл қадамдар жасауда. 
Бұған дәлел ретінде елдер арасындағы қос тарапты және көп жақты қарым-
қатынастар мен олардың нәтижелерін айтуымыз керек. Бұлардың арасында 
шарттар жасасулар, кездесулер өткізу, саммиттер ұйымдастыру, ресми 
мәлімдемелер жасау секілді аса маңызға ие қызметтер де бар. Олар күтпеген 
саяси қуаттарымен Тәуелсіз Түрік Мемлекеттері келесі асыл мұраттарын ұстану 
арқылы өмір сүруі керектігін алғы шарттар ретінде қойып отыр:
Ынтымақтастық мәртебесінде одақ құру /77.393-399 б/.
1. Өздерінің ұлттық мүдделері тұрғысынан әрекеттер жасау /8.43-68б: 10.69-
95 б/.
2. Жалпыға ортақ геосаяси ұстанымдар тұрғысынан әрекеттер жасау/58.146б/.
3. Өңірлік және ғаламдық көлемдерде халықаралық қауіпсіздік үшін бірлесе 
жауапты болу мақсаттарын ұстануға талпыну /86.304-333б/.
4. Еуропадағы күштер теңгерімінің ортақ мүдделерін ұстаушы ретіндегі 
өкілеттілікті иелену/52.541-544б/.
5. Халықаралық саясат пен халықаралық ұйымдарда жалпыға ортақ мүдделер 
мен ұстанымдарды қолдаушы ретінде өкілеттілік алу. /24.с.358-390/.


278


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет