285
құрылған мемлекеттің де негізгі халқы үнемі түркілер болып қала берген.
Сондықтан этножүйенің ежелден сақталып келе жатқан «алтын ережесі»
бұзыла қалғанда, онда түркілер құрған мемлекеттер де ыдырап, күйреп отырған.
Түркілер өз табиғатында басқа елдерді жаулап алушылар ғана емес, этностарды
жаңғыртушылар болған.
Ежелгі дүниеден бастап V ғасырға дейін түркілер өз жаңғыруының негізгі
кезеңдерін аяқтаған түркілер ғұндар бастаған генеалогиялық бұтақтарында
антикалық дәуірдегі Орталық Азиядағы этностарды біріктіруші ұлт ретінде
әлеуеттер қосқан. Бұдан кейінгі тарихи үрдістерде, әсіресе XII-XIII ғасырларда
ғұн-түріктері суперэтносының ішкі эволюциясында түркілік
бастау басым
болып, сөйтіп, XII-XIII ғасырларда түріктер Кіндік Азиядағы саны мен сапасы
жағынан басым ұлтқа айналып, осы өңірдегі әскери-саяси күш жағынан жоғары
тұрды. Тарихи тұрғыдан алғанда Ұлы ғұндар дәуірі Еуразиядағы Ұлы Түркі
Дәуірімен алмасты. Сонымен 3000 жылдық түркілер тарихы-бұл олардың өз
мемлекеттерін империялық институттар деңгейіне көтеру кезеңі де болды.
Еуразия құрлығындағы ғаламдық саяси өзіндік саналылық кезеңінде түркі
халықтары империялар арасындағы күштер теңгерімдеріне әлеуеттер қосуға
қабілеттерін таныта бастады. Иса пайғамбар дүниеге келгенге дейінгі тұңғыш
рет бірнеше ғасыр бұрын, шамамен /400 жыл/ Қытай империясының әлемге
билік
ету ұмтылысы басталғанда, Азиядағы ғұндар империясы алғаш рет
қытайдың геосаяси мүдделерімен бетпе-бет келді. Жерорта теңізінен Шығыс
бағытына жылжып, күн өткен сайын күшейе түскен Рим империясы Азияға
солтүстік пен оңтүстіктен қайсарлықпен Орта Азияның кіндігіне қарай тақай
бастаған. Дегенмен, түркілер өз тарихтарында өмірі бетпе-бет келіп көрмеген
Қытай мен Рим империяларын өзара шайқасудан сақтап қалды. Бір сөзбен
айтқанда, Еуразияның батысы мен шығысынан ғұн түріктері екі ұлы империяны
ғаламдық қақтығысқа барудан аман алып қалды.
Шығысында ғұндар Қытаймен соғысып,
батысында Рим империясымен
бетпе-бет соғысып, екеуінің де Еуразия кеңістігінде толық билік жүргізуіне
мұршаларын келтірмеді. Ғұндар шығыста Қытайды, батыста Римді күйрете
жеңді. Осылайша олар мына мысалдар негізінде Pax Turcica
Достарыңызбен бөлісу: