Нуржігіт Алтынбеков
100
49-сурет. Миокард инфарктісі:
а — миокард инфарктісінің ангиорентгенграммасы (үй қояны жүрегінің сол
жақ тәждік артериясының құлдырама тармағын байлап жасалған үлгісі); ишемия аймағының қан
тамырлары бос; б —ишемиялық инфаркт ошағы геморрагиялы аймақпен қоршалған; в —
миокардтағы инфаркт ошағы грануляциялық тінмен қоршалған.
Әдетте сыртқы түсіне қарай, инфаркт ақ, қызыл және кемері геморрагиялы ақ
түрлерге ажыратылады.
Ақ (ишемиялық) инфаркт
дамыған жерінің төңірегіндегі тіннен айқын
шектеліп, ақшыл сары түсті болады (46-сурет). Ол коллатеральдық
қанайналымы жеткіліксіз жерлерде қалыптасады. Әсіресе талақ пен бүйректе
жиі байқалады.
Кемері геморрагиялы ақ инфарктіде
өлі жердің түсі ақшыл сары, оның жиегі
қан құйылған қызыл жолақпен қоршалады (47,49-суреттер). Геморрагиялы
(қызыл) кемерлі инфарктінің жиегіндегі қан тамырлар алдымен тарылып, кейін
күрт кеңігенде құйылған диапедездік қанды ошақтар құрайды. Инфарктінің бұл
түрі бүйрек пен миокардқа тән.
Қызыл (геморрагиялы) инфаркт
қан сіңгендіктен қызыл түсті, айқын
шектелген. Қанның некроз ошағына сіңуіне веналық іркілу қолайлы(48-суретті
қара). Инфарктінің қан сіңіп, қызыл болуына мүшенің ангиоархитектоникалық
ерекшеліктерінің де (бронхылық артерия мен өкпелік артерия арасындағы
анастомоз) айтарлықтай әсері бар. Геморрагиялық инфаркт, әдетте өкпеде,
кейде ішекте, талақта, бүйректе байқалады.
Жүректе (миокард), мида, өкпеде, бүйректе, талақта, ішекте дамыған
инфарктінің клиникалық маңызы ерекше.
Жүрек
инфарктісі көбіне сол жақ қарынша мен қарыншааралық пердеде
дамып (49-сурет), оң жақ қарынша мен жүрекшеде сирек кездеседі. Әдетте,
кемері геморрагиялы ақ инфаркт қалыптасып, бітімі әрқилы пішінді болады.
Өлі ошақ эндокардтың астын (
субэндокардтық инфаркт
), эпикардтың астын
(
субэпикардтық инфаркт
) немесе миокардтың қалың қабатын қамтиды
(
трансмурал инфаркт
). Инфарктінің төңіртегінде некрозды шектейтін қабыну
үдерісі өрістеп, эндокардтың онымен тұстас жерінде көбінесе тромб түзіледі,
перикардта фибринді қабыршық пайда болады. Миокард инфарктісіның көбі
атеросклероздан, гипертония ауруынан дамыса да, оның өзі дербес ауру деп
танылады («
Жүректің ишемиялық ауруын
» қара).
Мидың
инфарктісі, әдетте, - ақ инфаркт. Ол тез жидіп жұмсарады (мидағы
жұмсарған ақ ошақ; 50-сурет). Егер инфаркт қанайналымы тым өзгерген немесе
веналық қан ұзақ іркілген кезде қалыптасса, өлі тінге қан сіңіп, қызыл түске
боялады (мидағы жұмсарған қызыл ошақ). Инфаркт, әдете мидың қыртыстық
түйіндерінде дамып, өткізгіш жолдарын зақымдап, параличке ұрындырады.
Жүрек инфарктісі сияқты, мидың инфарктісі де атеросклероз бен гипертония
ауруынан дамығанмен, ол – ми тамырлары ауруының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: