Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет107/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   832
Байланысты:
струков патан

Даму
механизмі
. Жасушалар мен тіндердің өлу механизмі күрделі әрі 
патогендік факторлардың сипатына, некроз дамыған тіннің құрылыс-қызметтік 
ерекшеліктеріне, организмнің реактивтілігіне, тұқымқуалау-денетұрқылық 
факторларға тәуелді. Некроз патогендік фактордың әсер ету механизміне қарай, 
тікелей
некроз
(жарақаттық және уытты әсерлік некроз) және тамырлардың, 
нерв-эндокриндік жүйенің қатысуымен жүзеге асатын 
жанама
некроз 
(трофоневроздық, аллергиялық, тамырлық некроз) түрлерге бөлінеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
98
Құрсақтағы кезең мен балалық шақта инфекциялық агенттер мен улы заттар 
(мысалы, құрасақтағы шаранада, жаңа немесе шала туған нәрестенің ішкі 
мүшелері мен кілегейлі қабықшаларында жалпы жел шешек пен екпелі жел 
шешектен, сепсистен, токсоплазмаздан дамитын ареактивті некроз ошақтары) 
немесе кейбір дәрі-дәрмектердің қосымша әсері (цитостатиктер, аминозин, т.б.) 
бірден тіндердің өзін зақымдайды, сондықтан тікелей некроз басымырақ 
болады. Жанама некроз ересектерде жиі кездесіп, балаларда тамырлар арнасы 
мен басқа мүшелердің қалыптасу кемістігінен немесе элекролиттер алмасуы 
дұрыс болмаған ерекше жағдайларда ғана дамиды. 
Некроздың клиника-морфологиялық нысандары 
оның қамтыған мүшесі мен 
тінінің құрылым-қызметтік ерекшеліктеріне, даму себебі мен даму жағдайына 
қарай жіктеледі. Некроз коагуляциялық некроз, колликвациялық некроз, 
гангрена, секвестр, инфаркт деп аталатын нысандарға бөлінеді. 
Коагуляциялық (құрғақ) некроз
қалыптасқан жерлер құрғақ, қатты, бозғылт 
сары түсті болады. Құрғақ некроз белоктардың денатурациялану үдерісіне 
негізделетіндіктен, еруі қиын қоспалар түзіліп, олар гидролиздік ферменттер 
әсер еткенде ұзақ уақыт жидімейді әрі тіндер суын жоғалтып, құрғайды. Құрғақ 
некроз үшін әсіресе белокты, суы аз тіндер қолайлы. Некроздың бұл түріне 
инфекциялар (іш сүзегі мен бөртпе сүзек) мен жарақаттан дамитын 
бұлшықеттің 
балауыздық
, яғни 
Ценкер
некрозы
(Ценкер сипаттаған) мен 
туберкулез, мерез, алапес, лимфогранулематоз себеп болатын 
ірімтікті
некроз

аллергиялық және аутоиммундық аурулардың 
фибриноидты
некрозы
мысал 
бола алады. 
Колликвациялық (ылғалды) некроз
кезінде өлі тін жидіп, жылауық (киста) 
қалыптасады. Ол белогы аз, суы мол, гидролиздік үдерістерге қолайлы тіндерге 
тән. Сондықтан ылғалды некроз мида немесе жұлында дамып, жұмсақ немесе 
жидіген ошақ қалыптасады. Бұл үдерістің айқын бейнесі – мидағы жұмсарған 
бозғылт реңді ошақ (ишемиялық инфаркт). Жидіген құрғақ некроз ошағын 
салдарлық колликвация деп атайды. 
Гангрена
(грекше: 
gangraina
– өрт) – сыртқы ортамен жанасатын тіндерде 
дамитын некроз. Гангрена дамыған тіндердің түсі, қан пигменттерінен темір 
сульфиді түзілетіндіктен, бозғылт қоңыр немесе қара болады. Гангренаны 
құрғақ және ылғалды деп жіктейді. 
Құрғақ гангрена
кезінде өлі тін ауаның әсерінен құрғап, қатайып, бүрісіп, 
мумияға ұқсайды. Сондықтан құрғақ гангренаны 
мумификация
(45-сурет) деп 
атайды. Ол суы аз тіндерде дамиды. Оған тән бейнені артериялық атеросклероз 
бен тромбоздан (атеросклероздық гангрена), үсігенде немесе күйгенде, Рейно 
ауруынан немесе вибрациялық аурудан, кейбір инфекциялық аурулардан 
(бөртпе сүзек), т.с.с. некроз шарпыған башпай пен саусақтардың терсінен 
көруге болады; әдетте терең зақымды трофикалық өгерістер орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет