Нуржігіт Алтынбеков
101
шектелген, табаны плевра жаққа қараған конус тәрізді. Плевраның инфарктімен
тұстас аймағына фибринді қабыршық шөгеді (реактивті плеврит). Конустың
өкпенің қақпасына қараған ұшындағы өкпе артериясының тармағынан көбіне
тромб немесе эмбол табылады. Өкпедегі инфарктінің өлі тіні тығыз, ұсақ
түйіршікті, қоңыр қызыл түсті.
Геморрагиялық инфаркт, әдетте веналық қан іркілген кезде пайда болады.
Оның дамуы өкпенің ангиоархитектоникалық ерекшелігімен, өкпе мен
бронхылар
артерияларының
арасындағы
анастомозбен
айтарлықтай
байланысты. Қан іркіліп, өкпе артериясы тармақтарының саңылауы бітелген
кезде, өкпенің өлі тініне бронхылық артериялар арқылы келе берген қан
капиллярларды жыртып жібереді де, альвеолаларға құйылады. Инфарктінің
төңірегіндегі тін, әдетте қабынады (
периинфарктылық пневмония
). Өкпедегі
геморрагиялық инфаркт тым ауқымды болса, бауырүстілік сарғаю байқалуы да
мүмкін. Өкпеде ақ инфаркт өте сирек. Ол бронхылық артериялардың
саңылауын склероз үдерісі жайлағанда немесе саңылау бітелгенде байқалады.
Бүйректе
, әдетте кемері геморрагиялы ақ инфаркт дамиды. Инфаркт –
қыртыстық қабатты немесе паренхиманы түгел қамтыған конус пішінді некроз
ошағы (47-суретті қара). Артерияның негізгі сабағы бітелсе, бүйректе
тотал
немесе
субтотал
инфаркт
дамиды.
Бүйректің қыртыстық затының
симметриялы
некрозы
– бүйрек инфарктісінің ерекше түрі; ол бүйрек
қызметінің жедел жеткіліксіздігіне ұшыратады. Бүйректе ишемиялық
инфарктінің дамуына көбіне ревматизм, сепсистік ұзақ эндокардит, гипертония
ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, бүйрек артерияларында дамыған тромбылы
эмболия мен, кейде тромбоз себеп болады. Сирек жағдайда бүйректік венаның
тромбозы бүйректің веналық инфарктісімен асқынады.
Талақтың
инфарктісі – ақ инфаркт (46-суретті қара). Көбіне талақтың
онымен тұстас қабығында реактивтік фибринді қабыну өрістеп, көкет пен,
құрсақ қабырғасының сірі қабықшасының, ішектің арасында бірікпелер
қалыптасады. Ишемиялық инфарктінің талақта дамуына тромбоз бен эмболия
себеп болады. Талақтық венаның тромбозы да талақтың
веналық инфарктімен
асқынады.
Ішекте
геморрагиялы инфаркт дамиды. Ішек гангреналы жидіп, қабырғасы
тесіліп, перитонитпен асқынады.
Инфаркт кейде, көздің
Достарыңызбен бөлісу: