Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет734/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   730   731   732   733   734   735   736   737   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы.
Шықшыт безінің ауыздағы (Стеннон) өзегінің 
төңірегіндегі шырышты қабықша сулы ісініп, тамырларына қан толады. Бүкіл 
шықшыт аймағы мен мойынның клетчаткасы да сулы ісінеді. 
Сілекей бездерін 
қан кернеп, көбінесе 
шықшыт бездерінде қосжақты интерстицийлік паротит 
дамиды. Бездердің тамырларына қан толып, интерстицийі сулы ісініп, 
өзекшелері мен ацинустарының төңірегіне біраз лимфоциттер шоғырланады. 
Өзекшелердің саңылауына қою секрет жиналып, экссудат болмайды. Кейде 
еннің (
орхит
), аналық (
оофорит
) бездер мен ұйқы безінің (
панкреатит

интерстицийі де тап осылай өзгереді. Орхиттің кейбіреуі склерозға ұласып, 
еннің паренхимасы семіп, 
азоспермияға
ұшыратуы да мүмкін. Енді бірде,
ұйымалы менингит
пен 
менингэнцефалит
дамып, мидың ақ заты сулы ісініп, 
тамырларын қан кернеп, олардың маңына лимфоциттер жиналады. Ганглийлік
жасушалар зақымдалмайды. 
Өлім
сирек, оған ОЖЖ-ның зақымдары себеп болады. 
Бактериялар дамытатын аурулар 
КОКЛЮШ 
Коклюш
(
pertussis
; қазақша: көкжөтел) – балалардың тынысалу жолдарын 
зақымдайтын жедел ағымды инфекциялық ауру; оған спазмды жөтел ұстамасы 
тән. Бұл ауру жасы толысқан адамдарда өте сирек байқалады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Қоздырушысы – коклюш таяқшасы; ол мұрын 
мен жұтқыншақтың секретінен табылады. Коклюштің таяқшасы ауа-тамшы 
арқылы жұғады. Спазмды жөтел ұстамасының даму механизмі күрделі. Микроб 
тынысалу жолының шырышты қабықшасына кіріп, сонда көбейеді. Ол 
ыдырағанда түзілетін 
эндотоксин
көмейдегі жүйкелік рецепторларды 
тітіркендіріп
, ОЖЖ-ға әсер ететін импульс туындатады. Сол импульстің 
әсерінен мида тітіркенген тұрақты ошақ қалыптасады. Жүйке орталықтары мен 
рецепторлардың тітіркенгіштігі артқандықтан, әсері шамалы бейспецификалық 
тітіркендіргіштің өзі-ақ спазмды жөтелдің ұстамасын туындата алады. Сөйтіп, 
«респирациялық жолда невроз»
дамиды. Оның клиникалық бейнесі мынадай: 
науқас үздіксіз оқыс дем ала бастап, кенеттен жан ұшыра терең дем шығарады; 
бұл көрініс бірнеше рет қайталанғаннан кейін, ақырында жабысқақ қақырық 
түкіреді немесе құсады. Көмей мен бронхылық бұлшықеттер және шеткі қан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   730   731   732   733   734   735   736   737   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет