Нуржігіт Алтынбеков
583
дақтар болады. Лимфалық фолликулдар сулы ісініп, қан кернеп,
стаз дамып,
қанталайды, некрозды ошақтар байқалады.
Жалпы уытты әсерден
жүрек-
тамыр және жүйкелік жүйелер, бүйрекүсті безі, бүйрек пен талақ та
зақымдалады
.
Жүректе
уытты әсерлік
миокардит дамиды. Жүрек қуыстарының көлденең
өлшемі ұлғайып, бұлшықеті жұмсарып, кескенде бұлыңғырлау, тарғыл болады,
қабырғасына тромбылар түзіледі. Кардиомиоциттерді
майлы дистрофия
шарпып, миолизді ұсақ ошақтар байқалады. Кейде жүрек интерстицийінің сулы
ісінуі, толыққандылық пен жасушалар шоғыры басым болады. Осыған орай,
миокардит
альтерациялы
және
интерстицийлік
нысанда дамиды.
Егер миокардит аурудың 2-ші аптасының алғашқы күндерінде дамып, науқас
жедел ағымды жүрек қызметі жеткіліксіздігінен өлсе, бұл
жүректің
дифтериялық ерте кезеңдік параличі
деп аталады.
Дифтериялық миокардит
кардиосклерозға ұласады.
Дифтерия
жүйке жүйесінің
шеткі жүйкелік сабақтары мен вегетативтік
ганглийлерін зақымдайды. Ең алдымен аңқаға жуық жайғасқан жүйкелік
сабақтар – тіл-жұтқыншақ жүйкелік сабағы, кезеген жүйкелік сабақ,
симпатикалық және диафрагмалық жүйкелік сабақтар, кезеген жүйкелік сабағы
бойындағы ІІІ симпатикалық ганглийі мен түйінді ганглийі бүлінеді. Олардың
миелині ыдырап,
паренхималық неврит
дамиды, орталық цилиндрі онша
зақымдалмайды. Жүйкелік ганглийлерде қанайналымы бұзылып, жасушаларын
дистрофия шарпиды, тіпті цитолиз байқалады. Бұл үдерістер
біртіндеп өршіп,
тіл-жұтқыншақ жүйкелік сабағы, диафрагмалық жүйкелік сабақ пен кезеген
жүйкелік сабағы зақымдалса, жұмсақ таңдай, диафрагма, жүрек 1,5-2 айдан соң
кешеуіл кезеңдік параличке
ұшырайды. Шеткі жүйкелік сабақтардың зақымды
жерлері кейде қалпына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: