Нуржігіт Алтынбеков
582
көбіне фибринді қабыну өрістеп, микробтың экзотоксинінің әсерінен бүкіл
организм уланады. Балалар ересектерден гөрі жиірек ауырады; қазір ол көбінесе
жасы 7-ден асқандарда кездеседі.
Этиологиясы мен патогенезі
. Қоздырушысы – дифтерия таяқшасы. Ол
экзотоксин түзетін коринебактерияларға жатады. Дифтерия таяқшасы көбінесе
бациллатасымалдаушыдан, арагідік науқастан жұғады (жұғу көзі). Дифтерия
қоздырушысының экзотоксині тынысалу циклына қатысты ферменттердің
биосинтезін тежейді, сондықтан тіндерде тынысалу үдерісі тоқтайды,
холинергиялық үдерістер өзгереді, катехоламиндер дұрыс түзілмей,
тіндерге
жиналады. Қоздырушысының организмге жайылу қабілеті тұрғысынан,
дифтерия –
жергілікті инфекция
, өйткені дифтерияның таяқшасы
гематогендік
жолмен
жайылмайды
.
Дифтерия таяқшасы организмге кіретін шырышты қабықшада көбейіп,
экзотоксин бөледі. Экзотоксиннің организмге
сіңу шамасы шырышты
қабықшаның құрылымдық ерекшелігі мен жергілікті үдерістің зақымдалу
деңгейіне байланысты. Экзотоксин әсер еткен жердің эпителийі өледі, қан
тамырлары парезді кеңіп, өткізгіштігі артады,
тіні сулы ісініп, қан арнасынан
фибриноген шығады. Фибриноген тіндік тромбпластиннің әсерінен ұйыйды.
Сөйтіп, шырышты қабықшаның зақымдалған жерлерін фибринді қабыршық
басады.
Экзотоксин
әсіресе
жүрек-тамыр
және
жүйке жүйелеріне
,
бүйрекүсті
безіне
ауыр әсерлі. Осындай маңызды мүшелер сабақтаса өзгергендіктен,
жалпы қанайналымы бұзылады, оның үстіне
экзотоксин организмнен
бүйрек
арқылы
бөлініп
,
жолай
оның
өзекшелеріндегі
эпителийді
де зақымдайды.
Дифтерияның
ауыр әсерлі
уытты
және
өте уытты нысандары
бұрын,
иммундандыру белсенді жүргізілмей тұрғанда жиі байқалатын-ды, өйткені
дифтерияның уытына сенсибилизацияланған организмнің
сезімталдығы өте
жоғары болатын.
Достарыңызбен бөлісу: