Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет743/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   739   740   741   742   743   744   745   746   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
587
Патологиялық анатомиясы

Менингококтік назофарингит
кезінде 
жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы шырышты қабықшаның қан 
тамырларын қан кернеп, тіні ісініп, катарлы қабынады. Ондағы лимфалық 
фолликулдар ұлғаяды. Менингококтік назофарингитті дер кезінде анықтау 
қиын, сондықтан оның эпидемиологиялық маңызы зор. 
Менингококтік менингит
шарпыған мидың жұмсақ қабықшасын қан кернеп, 
тініне лайсаңдау ұйымалы экссудат сіңіп, алғашқы тәулікте-ақ катарлы қабыну 
үдерісі өрістейді. Екінші тәуліктің соңы үшінші тәуліктің бас кезінде экссудат 
біртіндеп, қойылып, жасылдау сары түсті іріңге айналады. Бесінші-алтыншы 
тәулікте фибрин араласып, ол тығыздала түседі. Үдеріс мидың астыңғы 
жағынан басталып, веналардың төңірегіндегі кеңістікті қуалап, үлкен ми 
сыңарларының алдыңғы жағына басымырақ жайылып, миды жапқан «тақия» 
немесе «телпекке» айналады (321-сурет). Іріңді үдеріс жұлынның 
қабықшаларына да жайылады, бірақ ұзақ уақыт сұйық күйінде қалып, 
қойылмайды. Мидың қан тамырларына қан толып, тіні ісінеді. Үдеріс ми 
қарыншаларының эпендимасы мен қан тамырлық өрмесін де қамтып, 
іріңді 
эпендиматит
пен 
пиоэнцефалия
өрбиді; олар 2–3 жастағы балаларда жиірек 
байқалады. 
321-сурет. Менингококтік менингит. 
Іріңді қабыну үлкен ми сыңарының үстіңгі бетінде басым
 
(А.В. Цинзерлингтен).
 
Микроскоппен зерттегенде
жұмсақ қабықшалардың қан тамырларын қан 
кернеп, торлы қабықшаның астындағы кеңістік кеңіп, оған лейкоциттер мен
фибрин жіпшелері жиналғаны байқалады. Үдеріс кейде тамырлы қабықшадан 
мидың тініне өрістеп, 
менингэнцефалит
дамиды. Үшінші аптада экссудат тарай 
бастайды. Оның құрамында фибрин тым көп болса, ІV қарыншаның ортанғы 
және бүйірлік тесіктері мен торлы қабықшаның астындағы кеңістік беріштеніп, 
бітеліп, мида сұйықтық айналымы бұзылады. Соның салдарынан өршімелі 
гидроцефалия
дамып, мидың заты да тез семеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   739   740   741   742   743   744   745   746   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет