Нуржігіт Алтынбеков
589
Бауырда
майлы дистрофия, ал
бүйрек
пен
миокардты
белокты дистрофия
шарпиды. Гипервентиляция мен гипоксия салдарынан
өкпеде
жедел эмфизема
дамиды.
Мидың
капиллярларында қан
ағысы бұзылып, тіні су сіңіп ісінеді.
Асқыну зардаптары
. Ішекте көбінесе
пневматоз
дамиды, вирус-бактериялық
инфекция қосарланса, іріңді отит-антрит және пневмония өрістейді. Кейде ішек
коли-инфекциялық
сепсис дамып, оның метастаздарынан іріңді менингит
өрбиді (әсіресе, жаңа туған нәрестеде).
Өлімнің себептері
. Аурудың жедел кезеңінде эксикоз бен токсикоз байқалса,
науқас қан тамырлары жүйесінің коллапсінен, ал ауру ұзаққа созылып,
әбден
жүдесе, әртүрлі басқа да зардаптарынан өледі.
Қазіргі ем мен аурудың алдын алу шаралары сырқаттану мен өлім-жітімді
күрт азайтты.
ІШЕКТІҢ СТАФИЛОКОКТІК ИНФЕКЦИЯСЫ
Ішектің стафилококтік инфекциясы
– аш ішек пен тоқ ішек қабынып,
жалпы токсикоз байқалатын
жедел ағымды инфекциялық ауру; көбінесе
емшектегі және бір жасқа толмаған сәбилер ауырады.
Этиологиясы мен патогенезі
. Бұл ауруды энтероктоксинді алтын түсті
(сарғыш) стрептококк пен оның плазма коагуляциялағыш және гемолиздейтін
қасиеттері бар басқа да патогенді штамдары қоздырады.
Қоздырушы тікелей
қарым-қатынас арқылы немесе сау тасымалдаушының сүтімен асырағанда және
стафилококтік маститпен ауру ана емізгенде алиментарлық жолмен жұғады.
Антибиотиктермен емделгенде кейде аутоинфекция өрістейді. Өйткені
антибиотиктің
әсерінен
ішектегі
флораның
тепе-теңдігі
бұзылып
(дисбактериоз), антибиотикке төзімді штамдар пайда болса, стафилококк
эндогендік жолмен де жұғады. Ішектің стафилококтік
инфекциясына көбінесе
шала туғандар, басқа аурудан әлсіреген емшектегі сәбилер мен иммунитеті
төмен немесе туа тапшы балалар ұшырайды. Бұл инфекция кейде ішектің басқа
да инфекциялық ауруларына (дизентерия,
коли-инфекция, вирустық
инфекциялар, т.б.) қосарланады.
Стафилококтағы ферменттер әсер еткен
жердің
тіндерінде некроз дамып,
кейін іріңдейді, сондықтан
үдеріс ішектің қабырғасына терең жайылады
.
Достарыңызбен бөлісу: