Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет775/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   771   772   773   774   775   776   777   778   ...   832
Патологиялық
анатомиясы
. Сидероздың қызыл және қара нысандары бар. 
Қызыл
сидероз
темір тотықты шаңнан дамиды. Өкпе ұлғайып, түсі сарғыш 
қоңырлау қызғылт болады. 
Қара
сидероз
құрамына темірдің шала тотығы 
немесе темірдің көміртегі қышқылды және фосфор қышқылды қоспалары 
араласқан шаңнан туындайды. Өкпенің тіні антракоздағыдай қарайып кетеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
611
Микроскоппен
зерттегенде
өкпенің аралық тінін шамалы склероз шарпып
субмилиарлық
және 
милиарлық
түйіншектер
түзілгенін көреміз (344-сурет). 
Түйіншектерде темір шаңын сіңірген шаңды жасушалар көп болады (темірді 
анықтауға арналған реакция болымды). Шаңды жасушалардың арасынан бірлі-
жарым коллаген талшықтары ұшырасады. 
Лимфалық
түйіндерге
де шаң 
жиналып, диффузды склероз едәуір өрістейді.
344-сурет. Өкпенің сидерозы:
а — субмилиарлық түйіншектер; б — милиарлық түйіншектер.
 
А
ЛЮМИНОЗ
 
Алюминиоз
(«алюминийлік өкпе») — алюминий буының және алюминий 
металы мен оның қоспаларының әсерінен дамитын пневмокониоз. 
Бұл металл алюминийлі қола, жез және ұшақтар құрылысы мен дюраль өндірісінде
түрлі бұйымдар мен ыдыс-аяқ, пиротехникалық және бояулық ұнтақтар даярлау үшін 
қолданылады. Алюминийлі ашутастар мата өндірісінде пайдаланылады. 
Ауыр әсерлі алюминиоз алюминийлі бояуларды бүркетін және алюминийлі 
пиротехникалық ұнтақтарды даярлайтын жұмысшыларда, алюминийді 
бокситтен электролиз тәсілімен ажыратқанда, жасанды аброзивтер өндірісінде 
кездеседі. Кейбір кісілерде бұл ауру өте жедел дамып, алюминий өндірісінде 1-
2 жыл жұмыс істегеннің өзінде-ақ өкпесі ауыр зақымдалып үлгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   771   772   773   774   775   776   777   778   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет