346-сурет. Антракоз. Альвеолалық макрофаг. Фагоцит цитоплазмасындағы көмір тозаңдары (К);
эндоплазмалық тордың (ЭТ) өзекшелері кеңіген. Я — макрофагтың ядросы. 14 000 (Поликардан).
Антракоздық диффузды пневмосклероз дамыса, өкпенің біраз жері қабысып,
қатайып, аспид тасындай қара сұр реңді болады, сондықтан бұндай үдеріс
өкпенің аспидтік (антракоздық) индурациясы деп аталады.
Антракозға шалдыққандарда созылмалы бронхит пен қайталамалы ошақты
пневмония дамып, әдетте эмфизема байқалады. Қанайналымы бұзылғандықтан
және көмір шаңы тым көбейіп, тікелей әсер еткендіктен, өкпенің тіні өліп, түрлі
пішінді каверналар пайда болады. Ол қуыстардың қабырғасы қара түсті
қиқымнан құрылып, ішіне де қара түсті өлекселік қиқымдар жиналады.
Науқастар қанды қақырық бөліп, ауруы туберкулезге ұқсайтындықтан,
антракоздың бұл нысаны
қара көксау деп аталады.
Антракоз тым айқын дамыса,
лимфалық түйіндер кеңірдек пен
бронхылардың қабырғасымен бірігіп, кейде ол жерлер жарылып, көмірлі
қойыртпақтар тынысалу жолдарына құйылып, аспирациялық пневмония,
абсцесс және гангрена дамуы мүмкін. Пневмосклероз бен эмфизема едәуір
өрістесе,
жүректің оң жақ бөлігі ұлғаяды (гипертрофия).
АРАЛАС ШАҢДАРДАН ДАМИТЫН ПНЕВМОКОНИОЗДАР Бұл топқа
антракосиликоз ,
сидеросиликоз ,
сидеросиликатоз ,
электр- дәнекерлеушілердің пневмокониозы , т.б. жатады.
Олардың ішінде ең маңыздысы —
антракосиликоз , яғни
силикоантракоз («
Антракозды » қара)
ОРГАНИКАЛЫҚ ШАҢДАРДАН ДАМИТЫН ПНЕВМОКОНИОЗДАР Органикалық шаңдардың ішінде бактериялар мен саңырауқұлақтардың
(әсіресе, термофилді актиномицеттердің споралары), жануарлар мен
өсімдіктердің антигені немесе дәрі-дәрмек араласқан тозаңдардың маңызы зор.
Бұл пневмокониоздар ауыл шаруашылығы («фермерлік өкпе»), құс өсіру («құс
өсірушілер өкпесі»), мал шаруашылығы, мақта өңдеу (биссиноз — грекше: