Нуржігіт Алтынбеков
615
ішектің қан тамырларынан да табылады.
Газдың көпіршіктері ірі қан
тамырларына, әсіресе веналарға көп жиналып, көбіктеніп тұрады. Тіндер мен
мүшелерде қан азаяды.
Өкпенің
тінін су жайлап, қанды ошақтар пайда болады,
эмфизема дамиды.
Жүректің
қуыстары шамалап кеңиді.
Бауырды майлы
дистрофия шарпиды.
Ми
мен
жұлында
қан- және лимфаайналымы бұзылып,
жүйкелік жасушаларда заталмасулық үдеріс өзгереді,
ишемиялық некроз
ошақтары пайда болып, кейін ол жерлерде кисталар қалыптасады. Жұлын
зақымдалғандықтан, жамбас қуысындағы мүшелердің
жұмысы дұрыс
реттелмей, іріңді цистит, өрлемелі пиелонефрит өрістейді.
Жоғары атмосфералық қысым
ұзақ
уақыт
әсер етсе, қанайналымы бұзылып,
әсіресе аяқ жіліктерінің тіні сиреп, кеуектенеді. Кеуекті жерлер дәнекер тінмен
қоршалады. Сүйектің тінін асептикалық некроз шарпып, кейде остеомиелитке
ұласады.
Буындардың шеміршектері семіп, деформациялы остеоартроз бен
артрит дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: