Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет819/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   815   816   817   818   819   820   821   822   ...   832
Байланысты:
струков патан

360-сурет. Дентинома. 
361-сурет. Цементома. 
Аралас текті одонтогендік ісіктер
тобына амелобластылық фиброма, 
одонтогендік 
фиброма, 
одонтоамелобластома 
және 
амелобластылық 
фиброодентома кіреді. 
Амелобластылық фиброма
одонтогендік эпителий мен тіс үрпісі тәрізді 
жұмсақ дәнекер тіннен құрылады. Бұл элементтер көбейіп, шоғырланып, ұялар 
түзеді. Көбіне балалар мен жас адамдардың кіші азу тісінің тұсында өседі. 
Одонтогендік фиброманың
амелобластылық одонтомадан айырмашылығы – 
ол өскелең емес одонтогендік эпителий мен жетілген дәнекер тіннен құрылады; 
әдетте ересек адамдарда дамиды. 
Одонтоамелобластома
сирек ісік
құрамына амелобластомаға тән одонтогендік эпителийдің ұяшықтары және 
кіреуке мен дентин кіреді. 
Амелобластылық фиброодонтома
да көбіне жас 
адамдарда байқалады. Оның гистологиялық бейнесі амелобластылық 
фибромаға ұқсайды, бірақ құрамында дентин мен эмаль бар. 


Нуржігіт Алтынбеков 
642
Бұл топтың 
қатерлі ісіктері
– одонтогендік саркомалар: амелобластылық 
фибросаркома мен амелобластылық одонтосаркома. 
Амелобластылық 
фибросаркоманың
құрылысы амелобластылық фибромаға ұқсағанымен, 
құрамындағы дәнекер тіні шала толысқан фибросаркомадан түзіледі. 
Амелобластылық одонтосаркома
– сирек ісік; гистологиялық құрылысы 
амелобластылық саркомаға ұқсап, құрамына шамалап дисплазиялы дентин мен 
эмаль араласады. 
Жақсүйекте құрсақта дамитын бірқатар
кемістіктер
– 
гамартомалар
да 
байқалады, олар 
одонтомалар
деп аталады. Одонтомалар, әдетте қабықпен 
шектеліп, күрделі және құрама болады. 
Күрделі одонтоманың
құрамына 
кіреуке, дентин және пульпа кіріп, ретсіз жайғасады. 
Құрама одонтома
көптеген тіс тәрізді құрылымдардан түзіліп, оларды құрамындағы кіреуке мен 
дентин және пульпа қалыпты ретпен орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   815   816   817   818   819   820   821   822   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет