Нуржігіт Алтынбеков
644
аденолимфома, т.б. типтер). ІІ. Мукоэпидермоидтық ісік. ІІІ. Ациножасушалы
ісік. ІV. Карциномалар: аденокисталы, аденокарцинома, эпидермоидтық,
толыспаған, полиморфты аденомадағы карцинома (қатерлі аралас ісік).
Плеоморфты аденома
– сілекей бездерінде
дамитын ісіктердің ең жиісі;
олардың 50%-дан астамын қамтиды. Бұл ісіктің 90%-ға жуығы шықшыт безінде
дамиды. Көбіне 40-тан асқандарда кездескенмен, адамның кез келген шағында
ұшырасады. Әйелдер ер адамдардан 2 есе жиі ауырады. Плеоморфты аденома
өте баяу өседі (10-15 жыл). Ісік жұмыр немесе сопақша бітімді түйін құрайды;
диаметрі 5-6 см жетіп, тіні бұдырлау,
тығыз немесе серпімді келіп, қабықпен
шектеледі. Кесіндісі ақшылдау, жалқаяқты, ұсақ кисталы болады.
Гистологиялық
құрамы
әр алуан, сондықтан да ол плеоморфты деп аталған.
Құрамындағы эпителийлік құрылымдар өзекшелер мен солидты (тығыз)
алаңдар, бірен-саран ұяшықтар мен бір-бірімен жалғасқан тізбектер түзеді.
Оның құрамында сопақша және полигоналды жасушалар мен текше тәрізді
және кейбіреуі цилиндр пішінді жасушалар болады. Олардың арасына
цитоплазмасы ашық түсті, пішіні ұршық тәрізді, ұзынша
келген миоэпителийлік
жасушалар шоғырланады. Миоэпителийлік жасушалар ісік жасушаларына
айналып, мукоидты, миксоидты және хондроидты заттар түзеді (362-сурет).
Олар да эпителийлік құрылымдардың арасына жиналады. Кейде ісіктің
стромасын
гиалиноз шарпып, эпителийлік аймақтары қасаңданады.
Достарыңызбен бөлісу: