Нуржігіт Алтынбеков
642
Бұл топтың
қатерлі ісіктері
– одонтогендік саркомалар: амелобластылық
фибросаркома мен амелобластылық одонтосаркома.
Амелобластылық
фибросаркоманың
құрылысы амелобластылық фибромаға ұқсағанымен,
құрамындағы дәнекер тіні шала толысқан фибросаркомадан түзіледі.
Амелобластылық одонтосаркома
– сирек ісік;
гистологиялық құрылысы
амелобластылық саркомаға ұқсап, құрамына шамалап дисплазиялы дентин мен
эмаль араласады.
Жақсүйекте құрсақта дамитын бірқатар
кемістіктер
–
гамартомалар
да
байқалады, олар
одонтомалар
деп аталады. Одонтомалар,
әдетте қабықпен
шектеліп, күрделі және құрама болады.
Күрделі одонтоманың
құрамына
кіреуке, дентин және пульпа кіріп, ретсіз жайғасады.
Құрама одонтома
көптеген тіс тәрізді құрылымдардан түзіліп, оларды
құрамындағы кіреуке мен
дентин және пульпа қалыпты ретпен орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: