Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет823/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   819   820   821   822   823   824   825   826   ...   832
Байланысты:
струков патан

362-сурет. Плеоморфты аденома. 
Мономорфты аденома
– сілекей бездерінде сирек (1-3%) кездесетін қатерсіз 
ісік. Көбіне шықшыт безінде қалыптасып, баяу өсіп, диаметрі 1-2 см, жұмсақ 
немесе тығыздау, ақшыл қызғылттау, кейде қоңырлау, жұмыр түйін түзіп, 
қабықпен шектеледі. 
Гистологиялық
құрылысы тұрғысынан, бұл аденома: 
тубулалы (түтікті), трабекулалы (тізбекті), базал-жасушалы, ашық түсті 
жасушалы
типтерге
және 
папиллалы
цистаденомаға
бөлінеді. Ісіктің әр 
нысанының құрамы біртекті болып, стромасы нашар дамиды. 
Оксифилді 
аденома 
(онкоцитома)
цитоплазмасы 
ұсақ 
түйіршікті, 
эозинофилді ірі жасушалардан құрылады. 
Мономорфты аденомалардың ішінде 
аденолимфаның
орны ерекше. 
Аденолимфома көбінесе егде тартқандардың тек қана шықшыт безінде дамып, 
диаметрі кейде 5 см дейін жетеді. Тіні бозғылттау ақ түсті кесіндісінен ұсақты-
ірілі кисталар байқалады. Өзіне тән 
гистологиялық
бейнесі бар: цитоплазмасы 
эозинофилді призма тәрізді жасушалар қос қабатты бүртіктер мен қуыстар 
түзіп, стромасындағы лимфоциттерден фолликулдар қалыптасады. 
Мукоэпидермоидтық ісіктің
құрамындағы жасушалар екі бағытта толысып, 
эпидермоидтық және жалқаяқ түзетін жасушаларға айналады. Жас шамасы 
әртүрлі адамдарда дамып, әйелдерде жиірек байқалады. Көбінесе шықшыт 
безінде қалыптасып, басқа бездерде сиректеу кездеседі. Бұл ісік бір немесе 
бірнеше түйіннен құрылып, жұмыр немесе түрлі бітімді болады, бірде қабықпен 
шектелсе, енді бірде, шектелмейді. Түйіннен тіні бозғылт ақ немесе бозғылт 
қызылдау, қатты болып, кесіндісінен ішіне жалқаяқ жиналған кисталар 
ұшырасады. Ісіктің құрамындағы эпидермоидтық жасушалар солидты 
құрылымдар қалыптастырады, ал жалқаяқ түзетін жасушалар тізбектеліп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   819   820   821   822   823   824   825   826   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет