Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет95/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   832
Байланысты:
струков патан

41-сурет. Подагра
. Несеп
 
қышқылдық тұз шөгінділерінің төңірегіндегі алып жасушалы қабыну.
 
Көбіне подаграның дамуына зат алмасуының тума сипатта бұзылуы себеп 
болып (
біріншілік
подагра
), аурудың белгілі бір отбасына қатысты екені 
байқалады; өйткені қоректену ерекшеліктері мен жануарлар белогын көп 
пайдаланудың маңызы зор. Кейде подагра нефроцирроз, қан аурулары мен 
басқа да аурулардың зардабы ретінде дамиды (
салдарлық
подагра
). 
Несеп тасты ауру
да, подагра сияқты, пуриндік зат алмасуы бұзылуының, 
яғни 
несеп қышқылды диатез
деп аталатын аурудың бейнесі ғана болуы 
мүмкін. Ондайда бүйрек пен зәр шығаратын жолдарда негізінен, немесе тек 
қана ураттар түзіледі («
Тасты бүйрек ауруын
» қара). 


Нуржігіт Алтынбеков 
90
Несеп қышқылдық инфаркт
екі тәуліктен артық өмір сүрген сәбилерде 
байқалады; бүйрек өзекшелері мен түтікшелерінде несеп қышқылды натрий мен 
аммоний тұздарынан аморфты заттар қалыптасады. Бүйректің кесіндісінде 
милық қабатының үрпілері тұсында түйісетін несеп қышқылды тұздардың 
сарғылт қызыл реңді жолақтары болады. Несеп қышқылды инфарктінің дамуы 
сәбидің организмінде алғашқы күндері зат алмасу қарқыны өзгеретіндіктен, 
бүйректің жаңа жағдайға бейімделу әрекетімен байланысты. 
М
ИНЕРАЛДАР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 
(
МИНЕРАЛДЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР

Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге қатынасып, 
ферменттердің, гормондардың, витаминдердің, пигменттердің, белокты 
кешендердің құрамына кіреді. Олар – биокатализаторлар, сондықтан 
заталмасулық үдерістің біразына қатынасып қышқыл-негіздік ортаны қажетті 
деңгейде ұстауда маңызды рөл атқарып, организмнің қалыпты тіршілігін 
қамтамасыз етуде де айтарлықтай орын алады. 
Микроөртеу тәсілін гистоспектрографиямен сабақтастыра қолдану тіндердегі 
кальцийді, темірді, магнийді, кремнийді және басқа элементтерді дәл анықтауға 
мүмкіндік береді. Радиоавтографиялық тәсілмен организмге изотопы енгізілген 
элементтердің жиналатын жерін білуге болады. Сонымен қоса, белокты қоспадан босап, 
тінге жиналған элементтердің біразын анықтау үшін дәстүрлі гистохимиялық тәсілдер 
қолданылады. 
Кальций, калий, мыс және темір алмасуы бұзылуының практикалық маңызы 
зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет