30
тайпасының бірі болып саналатын яньмо VII ғасырдың бас кезінде
Моңғолияның Солтүстік-Батысын мекендеген.
VIII ғасырдың екінші жартысы мен ІХ ғасырдың бас кезінде Кимек
тайпалары үш бағытқа Солтүстік батысқа – Оңтүстік Орал (негізінен
Қыпшақтар) жағына, Оңтүстік бағытқа – Сырдария мен Оңтүстік
Қазақстанға
және Оңтүстікке – Жетісудың Солтүстік-Батысына қарай қозғалады.
766 және 840 жж. Кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл
ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін Тоғыз
Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. 840
жылы орталық Моңғолиядағы
Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін, оған кірген тайпалардың бір бөлігі
(Эймур, Байандұр, Татар) Кимек бірлестігінің ұйтқысына қосылады. Жеті тайпа
құрамындағы Кимек федерациясы нақ осы кезде қалыптасады. Х ғ. басында
Кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Х ғасырда Кимек
тайпаларының басшысы “байғу ” (яғбу)
деген титулды, ал кейін яғбуге
қарағанда екі саты жоғары тұратын хакан деген жоғары түрік дәрежесін
иеленген билеушісі бар қуатты мемлекет құрылады. Орталығы – Имекия
(немесе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш
рет ІХ ғасырдың аяғымен – Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи
географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен,
Әл-Якуби кимектер мен
басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: “Түркістан
мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге соның ішінде: қарлұқтар,
тоғыз–оғыздар және кимектер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасы
жеке мемлекет, олар бір – бірімен соғысып жатады” деп хабарлайды. ІХ
ғасырдың аяғынан ХІ ғасырдың басына дейін кимектер қалыптасқан мемлекет
болды, ал ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті біртіндеп ыдырай бастайды.
Оның құлауының екі себебі болды: бірінші, өзін - өзі билеуге, өз
мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының кимектердің орталық
билігіне бағынбауына
байланысты ішкі себеп, екінші, ХІ ғасырдың басында
қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс
аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. ХІ ғасырдағы тайпалардың
қоныс аударуының негізгі себебі – 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың
Ляо мемлекетінің құрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарай ұлғаюы
көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты.
Ал, ХІ ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзенінің бойындағы,
Аралдың Батысы мен Каспийдің Солтүстік өңіріндегі
оғыз жерін басып алған
қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бұрынғы қимақ - қыпшақ орналасқан негізгі
аймақта күші мен қуаты жағынан алдыңғы орынға шықты. Қимақтар осы
оқиғалар кезінде өзінің саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ,
сонымен бірге қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Осылай қыпшақтар Қимақ
мемлекетінің мұрагері болды. Бұдан былай қимақтар
қыпшақ тайпаларының
құрамына еніп, қыпшақ деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: