7-дәріс. Көне түркі жазбаларының лексикасы. Көне түркі жазуының грамматикалық
ерекшеліктері
1. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздер мағынасы жағынан төмендегідей бірнеше
топтарға бөлінеді.
1. Адам және семьялық қатынастарға байланысты сөздер:
ата
– ата,
ечу
- әже, үлкен туыс,
қатун
– қатын,
қыз
– қыз,
іні
–іні,
сіңлі
– сіңлі,
келін
– келін,
йеген
– жиен,
оғул
– ұл т.б.
2. Табиғат құбылыстарымен байланысты сөздер:
йер
– жер,
тағ
– тау,
қар
– қар,
таш
–
тас,
ай
– ай,
күн
– күн, т.б.
3.Қоғамдық әлеуметтік атаулар:
ел
– ел,
қан
– қан,
қаған
– қаған,
бе
г – бек,
тарқан
– дәреже,
бай
– бай,
қул
– құл,
күң
–
күң,
чығай
– кедей т.б.
4. Шаруашылық атаулармен байланысты сөздер:
бедіз
– ою, өрнек,
ағыл
– қора,
қорған
– қорған,
барк
– жай,
алтун
– алтын,
күмүс
–
күміс,
темір
– темір, т.б.
5. Әскери лексика:
сү -
әскер,
сүңіс
– соғыс,
уруш
– ұрыс,
қылыч
– қылыш,
сүнүг
– сүңгі т.б.
6.Жан-жануарлардың аттары:
ат –
ат,
айғыр
– айғыр,
тай
-тай, і
нгек
– сиыр,
буқа
– бұқа,
барс
– барыс,
бөрі
–бөрі,
қасқыр,
қой
– қой,
учуқ
– құс,
қаз
–қаз,
тақығ
– тауық, т.б.
7. Анатомиялық атаулар:
Баш
– бас,
адағ
– аяқ,
көз
– көз,
боғуз
– тамақ,
құлғақ
– құлақ,
йүрек
– жүрек,
сач
–
шаш,
тыл
– тіл,
өд
- өт, т.б.
8. белгілі бір кеңістік ұғымымен байланысты сөздер:
ара
– ара,
арт
– арт,
шег
– шек,
уз
е – үстіне,
қоды
– төмен, т.б.
9. ескі діни нанымдармен байланысты сөздер:
Теңрі
– тәңірі,
умай
- әйелдердің құдайы,
ыдуқ
– қасиетті, т.б.
10. Этникалық атаулар:
Басмыл
– (Балық қаласы маңын мекендеген халық),
аз
– (Енисей өзені маңын жайлаған
халық),
оғуз
– оғыздар, қ
арлуқ
– қарлықтар,
қыбчақ
– қыпшақтар,
соғдақ
– соғдылар,
тардуш
– традұш, т
абғач
– табғаш,
татар
– татар, т
атабы
– татабы,
төліс
– төліс,
түрк
– түріктер,
түргес
– түргештер,
үйғур
– ұйғыр,
чігіл
– чигілдер,
чік
– чиктер,
тезік
– тәжіктер,
тоқры
– тоқарлар,
усун
– үйсін, т.б.
11. Топонимикалық атаулар:
Байбалық
– қала аты,
Болчу
- өзеннің аты,
Ертіс
– Ертіс,
Кем
– Енисей өзені,
Орқун
–
Орхон өзені, т.б.
2. Халықтық жəне ұлттық дəуірлердегі қазақ лексикасы
Қандай да бір тіл болмасын, жалпы туыс тілдер мен жақын туыс тілдерге ортақ болып
келетін екі түрлі сөздік қор жинайды. Сонымен бірге ол тілде ешқандай басқа тілдер де
кездеспейтін, тек өзіне ғана тән сөздер тобы да болады. Ондай сөздердің арғы шығу
тегі тарихы жағынан көмескеленіп, білінбей кетеді немесе сол тілдің өз амал-тәсілі
негінде жасалған жаңа сөздер болады. Ондай сөздер белгілі бір тарихи себептердің
ықпалымен басқа туысқан тілдерден қол үзіп қалады. Мысалы: «Түркі – араб
сөздігінде» ескі тілдерде де, жаңа тілдерде кездеспейтін мынадай бір топ сөздер бар:
абру
(ақымақ),
ай
(кескір), а
лығ
(қорқақ),
кермен
(қала), к
ей
(жақсы),
керум
(уақыт),
кеңез
(жеңіл),
кірен су
(ауыз су),
көр
(кілем), т.б.
Көне түркі тілдерінде жазылған нұсқалардың тіл ерекшеліктері алуан түрлі. Қазіргі
түркі тілдерінің қай тобына болсын тән грамматикалық ерекшеліктер осы көне дүние
куәларының бойынан табылады. Ондағы қыпшақ тіліне тән көптеген сөздерді өз
алдына саралап бөліп алу қиын емес. Сонымен бірге қыпшақ тілінде ооңтүстік не оғуз
тілдерінің элементтері де кездесетіні туралы осыған дейін де айтылды. Мысалы: армян
колониясының тілінде бен (мен), гөз (көз), гөгерт (көгерт), гитир (келтір), гүнеш
(күнес) сияқты оңтүстік тілдерінен (анатолий түріктері, гагауз, көне азербайжан,
қырым түріктері) енген сөздер мен формалар бар.
Көне қыпшақ тілінің ескі түркі тілімен лексикалық байланысын сөз еткенде мына бір
жайтты байқаймыз: қыпшақ тілі көне түркі тілдерінен сөз қабылдағанда оңтүстік
(оғыз) тілдеріне тән сөздер мен сөз тұлғаларын алған, немесе осы екі топтағы тілдерге
ортақ негізді ұстанғанСондықтан да олар қыпшақ тілінің негізгі сөздік қорына жатады.
Төмендегі мысалдарда әуелі ескі түркі жазбаларынан, сонан соң, қыпшақ
нұсқаларынан алынған сөздер келтірілді:
аб (ау) – аб, абуч (уыс) – овуч, ач (аш) – ач,
ачығ (ащы) – ачув
, т.б.
Орхон-Енисей мен қыпшақ ескерткіштерінде бірдей қолданылатын сөздер көп:
бай
(бай),
бар
(бару),
барча
(барша),
барс
(Барыс),
бас
(басу),
баш
(бас),
башла
(баста), т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |