Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет28/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

 2.5-сурет
Хабарламаның хабарлағыштан қабылдағышқа берілу процесі
Бірінші теорема дискреттік хабарламаларды тиімді кодтау жү-
йесінің мүмкіндігін декларациялайды. Бұл жүйеде бір символға 
келетін екіншілік символдардың орташа мөлшері асимптотика- 
лық түрде хабарлама көзінің энтропиясына ұмтылады (кедер-
гілерді қоспағанда). Шеннонның екінші теоремасы бойынша
арнада кедергі болса да хабарламаның дұрыстығын сақтап жет-
кізетін кодтау жүйесін табуға болады.
Бұл адамзаттың ақпаратты беру мен өңдеудің бірыңғай ере-
желер мен сақтау заңдарындағы объективті қажеттіліктерімен 
байланысты. Сондай-ақ, қызметтің (əсіресе, оның қолданбалы 
бөлігінің) бұл аумағында бір елдің приоритеті байқалады, ол со-
нысына байланысты ерекшеленеді.
Компьютерді əмбебап ақпарат алмастырушы деп есептейді. 
Табиғи тілдердегі мəтіндер мен сандар, математикалық жəне ар-
найы символдар – бір сөзбен айтқанда адамға тұрмыста немесе 
қызмет жолында қажет болуы мүмкін барлық символдардың ком-
пьютерге енгізілетін мүмкіндігі болуы қажет. 
60-жылдардан бастап компьютерлерді мəтіндік ақпаратты 
өңдеуге көп қолданатын болды жəне қазіргі уақытта əлемдегі ДК 
үлкен бөлігі осы мəтіндік ақпаратты өңдеумен айналысуда. 
Кез келген желілік технологиялар дискреттік деректердің 
бай ланыс желілері бойынша жылдам жəне сенімді түрде жеткі-
зілуін қамтамасыз етуі қажет. Технологиялар арасында үлкен 
айырмашылық бар болса да олар деректерді берудің жалпы 
принциптерімен базаланады. Бұл ұстанымдар екілік бірлік терді 
7–1549


98
жəне нөлдерді импульстық немесе синусоидтық сигналдардың 
көмегімен əр түрлі физикалық ортадағы байланыс желілерінде 
көрсету əдісінен, қателерді табу жəне оларды түзету əдістерінен, 
компрессия жəне коммутация əдістерінен қөрініс табады. 
Байланыс желісі (2.6-сурет) жалпы алғанда электрлік ақпа-
раттық сигналдар, деректерді беру аппаратуралары жəне аралық 
аппаратуралары берілетін физикалық ортадан тұрады. Байла-
ныс желісі (line) терминінің синонимі байланыс арнасы (channel) 
термині. 
Деректерді берудің (medium) физикалық ортасы кабельден, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет