Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


-сурет.  Жол жəне желі деңгейлеріндің ПҚЖЕ АЖ-гі  ақпараттық ағындар сұлбасы  122



Pdf көрінісі
бет38/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.3-сурет
Жол жəне желі деңгейлеріндің ПҚЖЕ АЖ-гі 
ақпараттық ағындар сұлбасы 


122
Кіріс деректер өңдеуден кейін (қажетті деректер таңдалынып 
жəне жөнелту мен тағайындалған бірдей бекеттер үшін вагондар 
санын қосындылау) қолданыстағы ПҚЖ-да анықталған жүру 
маршруттарына тіркеледі. Вагон ағындарын учаскелер бойын-
ша үлестіруге есептеу орындалады, бұл полигонның графикалық 
сұлбасында вагон ағындарын көрсетуге мүмкіндік береді. 
Вагон ағындарын үлестіру полигон сұлбасында желінің са-
лыстырмалы ені бойынша вагон ағынының шамасы мен жол-
дың белгілі бір бағыттарының жүктелуіне баға беретіндей етіп 
графикалық түрде ұсынылады. 
Кезекпен вагон ағындарының əртүрлі түрлерін көруге бола-
ды – жергілікті, қайта өңделетін транзитті, қайта өңделмейтін 
транзитті, маршруттық, қосынды. «Тышқанның» батырмасын 
шерт кен уақытта учаскеде жолдың аталмыш учаскесіндегі вагон 
ағындары туралы анықтама көрсетіледі. 
Қажет болған жағдайда АЖ ПҚЖ-ын есептеуге дайындаудың 
алдынғы кезеңінде вагон ағындарының жүру маршруттарындағы 
ауытқуларды көрсетуге болады, бұл ретте вагон ағындарын уча-
скелер бойынша үлестіру суреті өзгереді, бұл ПҚЖ нұсқаларын 
құрастыруға жəне оларды есептеуге əсер етеді. 
Жеке режиммен пойыздарды құрастыру жоспарының нұсқа-
ларын құрастыру іске қосылады. Нұсқалар саны пайдаланушы 
көрсететін белгілеулерге тəуелді. 
Алынған ПҚЖ нұсқалары құрастыру бекеттеріне арналған 
тағайындаулар тізімі болып табылады, оны полигонның графи-
калық сұлбасында құрастыру бекетін таңдай отырып көруге бо-
лады. Топтық пойыздар үшін топтар тағайындалуының тізімін 
көруге болады.
Бағалау критерийлері ретінде натуралды көрсеткіштер таңда-
лынған: ПҚЖ жүзеге асыруға арналған пойыз локомотивтерінің 
қажетті саны; салмақтық коэффициенттер қойылатын жəне сома-
сы бірге тең келетін вагон-сағаттар мен вагон-километрлер. АЖ 
басқа да критерийлерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Əрбір нұсқа үшін таңдалынған критерийлер мəні есепте леді 
жəне критерийлер кестесіне енгізіледі. Содан кейін көп кри-
терийлі талдау негізінде пойыздарды құрастыру жоспарының 
нұсқаларын бағалау орындалады. 


123
Үнемді нұсқаларды таңдау Паретоның – оңтайландыруы 
негізінде жүзеге асырылады. Үнемді нұсқалар нұсқалар тізімінде 
фонмен боялады. 
ПҚЖЕ АЖ пайдаланушыларға алынған ПҚЖ нұсқаларын 
қолданыстағы ПҚЖ-мен салыстыра талдай отырып, пойыздар-
ды құрастыру жоспарын түзету бойынша шешім қабылдауға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет