Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер



Pdf көрінісі
бет43/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.2. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер 
3.2.1 ДАЖПАРК автоматтандырылған жүйесі 
Кешеннің толық атауы – «Нөмірлері бойынша есепке алу, 
бақылау, дислокациялау, пайдаланылуын талдау жəне вагон пар-
к 
терін реттеудің автоматтандырылған жүйесі». Қысқартылған 
түрі – ДАЖПАРК, мұндағы: Д – диалогтық, А – ақпараттық-
басқару, Ж – жүйесі, ПАРК – жүк вагондарының паркі. 
Жүйе құрамына ТМД мен Балтия елдері вагондарының 
пай 
даланылуын, жүктерді жеткізу мерзімдерінің сақталуын, 
мем лекетаралық түйіспелердің жұмысын, кіреберіс жолдар-
да вагондардың болуын, бос вагондардың дислокациялануын 


142
бақылауды қамтамасыз ететін жүк вагондарын басқару міндет-
терінің кешені кіреді. 
ДАЖПАРК жүйесі 1995 ж. бастап кезеңдер бойынша жасал-
ды. Сол кезеңде парк бөлінгеннен кейінгі жүк вагондарын бірлесе 
пайдалануда орын алған жағдай жедел жəне координацияланған 
əрекеттерді талап етті. 1995 ж. санақ деректері көрсеткендей, 
парк ескіруде жəне қысқаруда, жаңа вагондар жеткілікті дəрежеде 
сатылып алынбайды. Бұзылған вагондар үлесі үнемі өсіп отырды: 
1995 жылдың мамыр айында ол 24 % құрады. Бұл санақ деполық 
жөндеу мерзімі өтіп кеткен 325 мың вагон жəне күрделі жөндеу 
мерзімі өтіп кеткен 42,6 мың вагондарды анықтады. 
Вагондарды пайдалану практикасын өзгерту қажеттілігі ту-
ындады. Бастысы жауапсыз жəне осымен байланысты иесіз пай-
далануды тоқтатып, вагон иесінің оларды сауықтыру мақсатында 
қажетті қаражатты салуына түрткі болатын экономикалық тетік 
жасау еді. 
«Бөтен» вагондарды пайдалану үшін нөмір бойынша есеп-
теулер жүйесі тиімді экономикалық механизмге айналуы тиіс 
еді, нəтижесінде теміржол əкімшіліктері мемлекеттік тасы-
малдарда өзіндік вагон паркін пайдалануға тырысатын бола-
ды, ал мемлекетаралық қатынаста босатылған вагонды иесіне 
жақындату ережесін басшылыққа алады. 
Өзіндік вагондардың электронды картотекасы жасалған, оған 
олардың əрқайсысы туралы мəліметтер кіреді: тиістілігі, жазы-
лу жолы, түрі, жасалған жылы, айналымның рұқсат етілген по-
лигоны жəне т.б. Жүйені пайдаланудың алғашқы күндері тəулік 
сайын 12 мыңға жуық вагон «елестер» анықталды, кейін олардың 
саны 30 есе азайды, 1995 ж. соңына қарай бірліктер ғана қалды. 
1999 ж. ғана 1800 вагон-егіздерге қайта нөмірлер қойылды. Со-
нымен, өте маңызды, жылжымалы құрамның осы түрін автомат-
ты түрде сəйкестендіру мəселесі шешімін тапты, ал кейін оларды 
қадағалау да шешілді. 
Бұл бұдан да күрделі жүйеге өту мүмкіндерінің тексеруі 
сияқты болды – вагондардың күллі инвентарлы паркін автоматты 
түрде басқару.
ДАЖПАРК жүйесінің қызметтік құрамы 3.8 суретте көр-
сетілген.


143
Енгізуден кейін бір жылға жетпей жатып жүйеде əрбір 
жүк вагоны үшін 56 техникалық көрсеткіштер бойынша де-
ректердің автоматтандырылған банкі (электронды картотека) 
қалыптастырылды. Бұл мəселенің бірінші кезеңін шешу үшін 
қажет болды – паркті сауықтыру жəне оның күтімін нөмірлері 
бойынша бақылау, бұл жүйені жасаудың басты мақсаттарының 
бірі болып табылады. 
Екінші кезеңнің мəні вагон қай жерде болмасын, оны қа-
дағалауды жүзеге асыру болды – пойызда, бекеттік немесе 
кіреберіс жолдарда, сонымен қатар, қатынау жолында вагонмен 
орындалатын барлық операцияларды қадағалау болды. 
Екінші кезеңде техникалық, технологиялық жəне геогра-
фиялық белгілер бойынша шынайы уақыт масштабында мəлімет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет