Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


-сурет.  ДАЖПАРК жүйесінің қызметтік құрамы  144



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.8-сурет
ДАЖПАРК жүйесінің қызметтік құрамы 


144
тердің нақтылану дəрежесі өте жоғары вагон туралы деректер 
базасы жасалды. 
Осы негізде вагон паркін жедел басқарудың тиімділігі жоғары 
жол-желілік технологиясын жасау жəне жүзеге асыру міндеті 
қойылды, оған келесідей тақырыптық бөлімдер кіруі тиіс:
- максималды тиеуге қол жеткізу мақсатымен тиеу ресурста-
рын басқару; 
- паркті дислокациялау жəне вагондар мен жүктерді қадағалау; 
- бағыттар мен тағайындалулар бойынша жүк тиелген вагон-
дардың болуын бақылау жəне талдау; 
- вагон паркінің жұмысы жəне реттеу тапсырмаларын орын-
дау; 
- темір жолдар мен олардың бөлімшелерінің пайдалану жұ-
мысының талдауы; 
- вагон паркінің техникалық жағдайының, сонымен қатар, ва-
гон шаруашылығы кəсіпорындарының қызметтерінің жедел тал-
дауы. 
Үшінші кезеңнің қызметтері жол деңгейінде жалпы пайда-
лану жұмысын басқару əдісін түрлендірумен байланысты. Бұл 
үшін жүйеде желілік деңгейде тауар кассирлерінің АЖО, жол 
жəне желі деңгейлерінде жол ведомствосын біріктіре өңдеу жү-
йесі (тиеу, түсіру), фирмалық көліктік қызмет көрсету орта лық-
тары жасақталады. Барлық деңгейлерде бірыңғай ақпараттық-
бас қару жү йесі жасалған. 
Төртінші кезеңнің қызметтері негізінен тасымалдау құжат-
тарын дайындау жəне орнын ауыстырудың қолданыстағы жүйесін 
түбегейлі түрлендірумен жəне осы негізінде орындалған тасы-
малдар үшін иілгіш, нақты жəне мобильді есептеулер жүйесін 
жасаумен байланысты. 
Сонымен, ДАЖПАРК жүйесі – бұл басқару механизмі. Оның 
көмегімен вагондар парктерін басқаруда тек қана өндірістік емес, 
сонымен қатар, экономикалық шешімдерді темір жолдарда жəне 
«ҚТЖ» ААҚ-да сəтті жүзеге асыру үшін ал ғышарттар жасалған. 
Бұл ретте, тиеу ресурстарына деген минималды қажеттілік 
тер 
жағдайында максимум тиеуді қамтамасыз ететіндей жасалған, 
бұл жүйені жасаудың екінші басты мақсатын анықтайды.


145
Жүйені енгізу тасымал құжаттарын дайындау кезінде жаңа 
қағазсыз технологияларды пайдалануға, мамандандырылған ва-
гондар мен мұ най, бензин цистерналарының инвентарлы паркін 
темір жолға бекіту міндетін тиімді шешуге жəне сол арқылы олар 
күтіміндегі жауапсыздықты жоюға мүмкіндік береді. 
ДАЖПАРК жүйесі теміржол көлігінің қызметтерін пайда-
ланушыларға фирмалық көліктік қызмет көрсету үшін ақпараттық-
техникалық қамтамасыздық ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет