177
ДБО дспетчерлік құрамы полигон қызметінің ерекшелігіне,
оперативті басқарудың концентрация жəне автоматтануына бай-
ланысты өзгеріп отырады.
Кез келген жағдайда, басқарудың қызметі, желілік диспетчер-
ден бастап өзге диспетчерлерде жалғасын табуы керек.
Жергілікті жұмысты басқару қызметі желілік жолдардағы
жүк тасымалдау процесін басқарады:
- жергілікті жолды басқару (жергілікті жүк пен вагон ақау-
ларын);
- локомотив пен бригадаларды поезд жұмыстарымен қамта-
масыз ету;
- транзитті вагон ағындарын қайта жасау мен рұхсат беру;
- поездарды жіберу жоспарын қадағалау;
- вагондарды жүк тасымалдауға дайындау жұмыстарын бас-
қару;
- вагондарды контейнерімен қоса жіктеп алу;
- темір жолдардағы вагон, контейнер, жүк жіберуді ұйым-
дастыру;
- жіберуші мен қабылдаушы арасында ірі клиенеттермен
жұмысты ұйымдастыру, өзара келіссөз жүргізу.
ЖЖБО факт түрінде ДБО-ның өшірілген бөлімшесі болып са-
налады.
ЖЖБО жұмысы басқару ауданының ерекшелігіне байланы-
сты.
ЖЖБО құрамына мыналар кіреді:
- орталық бастығымен бірге əкімшілік-басқару қыз меткері:
- орталықтың диспечер қызметкері, яғни ЖЖБО бас диспет-
чері, бөлімшелердегі кезекшілік ауысымы, жергілікті жерде вагон
бөлетін 1-2 диспетчер.
ЖЖБО-ның диспетчерлік қызметінің құрамына қойылатын
талап көр сетілгеннен де ерекшеленуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: