Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

179
3.3.4 Жолдардың ТБО жəне ДБО 
бағдарламалық-техникалық кешені 
ТБО жəне жол ДБО бірыңғай бағдарламалық-техникалық ке-
шенде (БТК) құрылған. Ол келесі қызметтерді атқарады: 
− 
тасымалдау процесінің оперативті моделін жүргізу;
− 
теміржол полигонында бір немесе басқа деңгейдегі тасы-
малдау процесін тікелей басқаруға қатысты тұтынушыларға 
қажетті мөлшерде жəне құрамда тасымалдау процесін сипаттай-
тын шығыс мəліметтерін даярлау;
− 
басқару мəселелерін шешу – оперативті бақылау, есепке алу 
жəне талдау, баға беру, болжам жасау, жоспарлау, оперативті рет-
теу;
− 
оперативті-диспетчерлік жəне инженерлік қызметкерге, 
жетекшіге жəне жеке немесе ұжымдық қолданысты көрсету 
құралдарындағы шығыс деректерін темір жолдарға жеткізу. 
− 
БТК ДБО-мен көршілес жолдар ДБО-ның бір-бірімен өзара 
ақпараттық ықпалдасуын жəне төмендегілермен ықпалдастығын 
қамтамасыз етеді:
− 
СИРИУС, ТАБЖ, ДАЖПАРК жəне т.б. жол-желі жүйе-
лерімен;
− 
фирмалық транспорттық қызмет көрсету жүйесімен 
(ФТҚАЖ);
− 
бөлімшелер мен тораптардағы пойыз қозғалысының авто-
мат тандырылған жүйелерімен (ДТАБЖ);
− 
желілік бөлімшелердің, транспорттың басқа түрлерінің, 
операторлық компаниялардың, маңызды жүк жіберушілер мен 
жүк қабылдаушылардың автоматтандырылған жүйелерімен.
БТК өшірілген мүмкіндік технологиясы бойынша тұтыну-
шыларды ақпаратпен толтыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламалық-технологиялық кешендердің бір типтілігі 
темір жол ДБО мен ТБО өзара ықпалы арқылы сала масштабы 
мен мүддесінде тасымалдауды басқару мəселесін шешеді, со-
нымен қатар диспетчерлік орталықтар желілерін ақпараттық 
қамтамасыз ету процесі мен механизмін жеңілдетеді;
БТК үш басты бөлімдерден тұрады:


180
− 
тасымалдау процесінің кешенді оперативті моделі қосы- 
латын жəне ақпараттық өзара ықпал дас тықты сыртқы объекті-
лермен қамтамасыз ететін деректер базасының сервері;
− 
диспетчерлік орталықтың технологиялық қызметін жүзеге 
асыратын деректер сервері;
− 
тасымалдау процесі туралы шығушы ақпаратты сұраныс 
бойынша регламентте тұтынушыларға жеткізуші бағдарламалық-
техникалық жинақ (АЖО жинағы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет