22
Қатерлі ісік
– терең қордаланған реніштердің әсерінен болатын, шын мәнінде
денені жегідей жейтін ауру. Балалық шақта біздің өмірге деген сенімімізді үзетін
бірдеңе болады. Бұл жағдай ешқашан ұмытылмайды да, адам өзіне үлкен аяушылық
сезімімен өмір сүреді. Оған кейде ұзақ та байыпты қарым-қатынаста болу қиынға
соғады. Өмір бұндай адамдар үшін шексіз түңілулерден тұрады. Тығырыққа тірелу мен
үмітсіздік сезімі оның санасын жаулап алады, өзінің проблемаларына байланысты
өзгелерге кінә арту ол үшін әлдеқайда жеңіл. Қатерлі ісікпен ауыратын адамдар өзіне
өте сыншыл болып келеді. Өзім жүре келе қалыптастырған тәжірибемде көзімнің
жеткеніндей, қандай қалыпта болса сол қалыпта өзіңді қабылдай білу мен өзіңді жақсы
көре білу қатерлі ісік ауруынан айықтырады.
Артық салмақ
– қорғанысқа қажеттіліктен басқа ештеңе емес. Біз аурудан,
сыннан, сексуальдылықтан, қорлаудан қорғануды іздейміз. Үлкен таңдау, солай емес
пе? Мен ешқашан семіз болған емеспін, бірақ менің өз тәжірибемнен көзім жеткені -
мен өзімді батылсыз немесе әлсіз сезінген кезде мен автоматты түрде бірнеше
килограммға семіре бастаймын. Қауіп сейілген кезде, ауыр салмақ та жоғалады.
Әлеммен күрес - күш-қуат пен уақытты босқа шығындау. Сіз қалай қарсыласуды
тоқтатасыз, солай сіздің салмағыңыз қалыпқа түседі. Өзіңе, өмір процесінің өзіне сену,
жаман ойлардан аулақ болу – міне арықтаудың әдісі.
Менің ойымша әртүрлі негіздегі ауру – кінәлі сезінудің айғағы. Ал кінә
әрқашанда жазалауды іздейді, ал жазалау өз кезегінде ауруды тудырады. Созылмалы
ауру кейде біздің өзіміз де білмейтін өзімізде терең көмілген созылмалы кінәлі
сезінуден пайда болады. Кінә - пайдасыз сезім. Бұл сезім ешкімге ешқашан
көмектеспейді, ол жағдайды өзгертуге дәрменсіз. Сондықтан да өзіңді абақтыдан
босат.
Достарыңызбен бөлісу: