Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Бас ауруы
біз өзімізді толыққанды сезінбеген кезде болады. Басыңыз ауырған 
кезде бір минутқа тоқтап, сіз өзіңізді қай жерде қор сезінесіз және неліктен солай 
екенін өзіңізден сұраңыз. Бұлай сезінуден құтылу үшін өзіңізге кешірім жасаңыз, 
сонда сіздің бас ауруыңыз да өзінен өзі жоғалады. 
Бас сақинасы өмірде мінсіз болғысы келген жандарда, сондай-ақ мына өмірге 
өкпесі қара қазандай пенделерде болады. 
Мойын мен тамақ өте қызғылықты. 
Мойын
– бұл ойлау икемділігіне 
бейімділік, мәселенің екінші жағын көруге және басқа адамның көзқарасын түсінуге 
деген бейімділік. Бізде мойынға байланысты мәселелер туындап жатса, бұл біздің 
қасарысып, икемді болудан бас тартатынымызды білдіреді.
Алқым
– Бұл біздің нені қаласақ соны сұрау және өзіңе қорған болуға деген 
бейімділігімізді білдіреді. Алқымға байланысты проблема «құқымыз жоқ» деген сезім 
мен өз бойыңдағы жетімсіздіктерді сезінуден туындайды.
Ауру алқым – бұл қашан да наразылықты білдіреді. Ал егер оған суық тию 
қосылса, бұл онда - абыржу. Ларингит, әдетте, ашудан булығып сөйлей алмауды 
білдіреді. Одан басқа алқым біздің барлық творчестволық энергияларымыз 
бағытталған ағза бөлігін білдіреді. Таңдай бездері мен қалқан бездеріне байланысты 
аурулар сіздің істегіңіз келген нәрсені творчестволық тұрғыда істей алмағаныңыздан 
хабар береді. Біздің өзгерістеріміз бәрінен бұрын сол тамақтың аумағында болып 
жатады. Біз өзгерістерге қарсылық танытқан кезде, проблема тамағымызда пайда 
болып жатады. Біздің кейде жоқ жерден жөтелетінімізге көңіл бөліңіз. Немесе басқа 
біреу жөтеле бастайды. Осы сәтте не айтылады? Біз неге көңіл бөлеміз? Мүмкін бұл 
қасарысу, қарсыласу немесе біздің өзгерістер процесінде екендігімізден хабар беру? 
Арқа
қолдау жүйесін білдіреді. Арқаңызда проблеманың болуы сіздің 
жеткілікті қолдауды сезінбейтініңізді көрсетеді. Біз жанұямыз бен достарымыз 


20 
қолдайды деп өте жиі ойлаймыз. Шын мәнінде бұл Жаратушы мен Өмірдің өзінің 
қолдауы.
Проблеманың арқаның жоғарғы бөлігінде болуы - эмоциональды қолдаудың 
жеткілікті болмағанын білдіреді: «Менің күйеуім (нақсүйерім, досым) мені түсінбейді 
және қолдамайды». Арқаның ортаңғы бөлігінің кінәлілік сезіміне тікелей қатысы бар. 
Сіз артыңызға тығылған нәрседен немесе адамнан қорқасыз ба? Сізде арқаңыздан біреу
ұрған сияқты сезіну сезімі жоқ па?
Сіз үнемі өз ақшаларыңыз туралы ойлайсыз ба? Сіздің қаржылық жағдайыңыз
қалай? Ол сіздің арқаңыздың төменгі бөлігі проблемасының негізі болуы мүмкін.
Өкпе
– бұл өмірді алу және беру бейімділігі. Әдетте өкпе проблемасы 
толыққанды өмір сүруге құлықсыздықтан немесе одан қорқудан, немесе біздің бар 
күшімізбен өмір сүруге құқымыз жоқ деп есептегеннен туындап жатады. Темекіні көп 
шегетіндер, әдетте өмірді жоққа шығарады. Олар масканың астына өздерінің 
жетімсіздіктерін жасырады.
Омырау
- аналық бейнесі. Аналық безде проблема болғаны біздің өз 
көңілімізбен басқа бір адамды, затты немесе жағдайды басып тастайтынымызды 
білдіреді. Егер кеуде қатерлі ісігі болатын болса, бұл оған қосымша қордаланған реніш 
пен ашуды білдіреді. Қорқыныштан босаныңыз және біздің әрқайсымызда Кеңістік 
санасы әрекет етеді және ол белсенді, соны біліңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет