“Біз оларға қарсымыз” жаттығуы Сіздің көңіліңізге ешқашан жақпайтын адамды табыңыз. Бұл адамдағы сіз өте
қатты жек көретін және ондағы өзгерткіңіз келетін үш қасиетті сипаттап беріңіз.
Енді өз сарайыңызға терең үңіліңіз де, өзіңізден сұраңыз: “Менің оған нем ұқсас
және қай жағдайда мен өзімді тура осылай ұстаймын?” Көзіңізді жұмып, бір сәт
ойланыңыз.
Сосын өзіңізден сұраңыз, сіз өзгеріске дайын ба екенсіз. Сіз әдеттегі ойлардан,
дағдылар мен танымдардан арылған кезде ғана бұл адамдар өзгереді, немесе сіздің
өміріңізден кетеді.
Егер сіз сізді үнемі сынайтын және сіз бабын таба алмайтын бастығыңызды жек
көрсеңіз, онда тағы да өзіңізге терең үңіліңіз. Сіздің оған қай жеріңіз ұқсайды? Сіз
бастықтар әрдайым сынайды және олардың бабын табу мүмкін емес деп ойламайсыз
ба?
Егер сіздің қызметкеріңіз қасарысып, жұмысын атқарғысы келмесе
оны өз өміріңізге қалай тартқаныңыз жөнінде ойланыңыз. Сіз ол сияқты қаншалықты
дәрежеде қырсықсыз және жалқаусыз?
Егер сіздің сүйіктіңізбен арада проблема болатын болса өзіңізге терең үңіліңіз
және қараңыз, сіздің қай қасиетіңіз тартты оны?
Егер күйеуіңіз сізді қолдамаса, үнемі өмірге өкпелі болса, тағы да өзіңіздегі жас
кезіңізден қалыптасқан әдеттеріңізге көңіл бөліңіз. Сіздің ата-анаңыздың бірі өмірге
наразы болды ма? Сіз өмірге үнемі риза емессіз бе?
Егер балаңыздың дағдылары сіздің ашуыңызға тиетін болса,
онда сізде де тура осындай дағдылар бар екендігіне мен кепілдік беремін. Сіз олардан арылыңыз, бала
да автоматты түрде арылады.
Басқаларды өзгертудің бір ғана жолы бар – алдымен өзіңді өзгерт. Өз
ойларыңыз бен дағдыларыңызды өзгертіңіз – басқалар да автоматты түрде өзгереді. Ал
кімді де болмасын ұрысу – пайдасыз. Басқаларды кінәлау – демек өз күшіңді босқа
сарқу. Сіз өз күшіңізді сақтауға тиістісіз. Ол сізге өмірде өзгеру үшін керек болады.
Сондықтан да әлсіз құрбандарды ойнауды доғарайық та, өзімізге көмектесу үшін нақты
бір нәрселерді жасайық.