Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

мендегі қатерлі ісіктің
мүлдем жоқ болып кеткенін хабарлады (ол өзіме онсыз да белгілі еді). 
Егер біз 
өзіміздің ойымызды, танымымызды өзгерткіміз келсе және соған сәйкес әрекет 
етсек кез келген ауруды жазуға болады
, оны мен енді өз тәжірибем арқылы білемін.
Кейде ең үлкен қайғының өзі біз үшін бақытқа айналады. Аурудың мені қалай 
өзгерткенін сіздер көз алдарыңызға елестете алмайсыздар. Құндылықтар толықтай 



қайта бағаланды. Мен өмірге басқаша қарай бастадым және ауруға дейін ешқандай 
назар аудармаған нәрселерге көңіл бөле бастадым. Шаң-қоқысты Нью-Йорк өзінің 
қолайсыз ауа-райымен қоса мені әбден қажытты. Мен кетуге бел будым. Менің 
пациенттерім, менсіз өлеміз деп үрейге әбден бой алдырды. Олардың қалай алға дамып 
жатқанын тексеріп, телефон шалып тұрамын деп уәде беріп, жұбаттым. Сонымен, 
жиналдым да Калифорнияға, Лос-Анджелеске кетіп қалдым. Ол жақта мен қаланың бір 
шетінде тұрып жатқан шешем менен сіңлімнен басқа ешкімді білмейтінмін. Мен не 
мынаусымен, не анаусымен жақын болған емеспін және шешемнің соқыр болып 
қалғанын білген кезде жүрегім ауырды, маған бұл туралы ешкім хабарлаған да жоқ. 
Сіңлімнің уақыты жоқ болғандықтан менің орналасуыма көмектесе алмады. «Өз 
тәніңді қалай сауықтыру керек» деген менің шағын кітапшам мен үшін көптеген 
есіктерді ашты. Мен Нью-Эйдждегі әрбір кездесуге бара бастадым. Кез келген ыңғайы 
келген жерде адамдарға өзімді таныстырып, кітабымды сыйладым. Жұмыс басталған 
соң менде бұндай сән-салтанатқа уақыт болмайтынын біліп, алғашқы алты ай бойы 
жағажайға барып жүрдім. Біртіндеп пациенттер пайда бола бастады. Біресе ана жерде, 
біресе мына жерде менің шығып сөйлеуімді сұраушылар көбейе түсті. Екі жылдың 
ішінде мен өзіме сүйкімді үй сатып алдым.
Бір күні сіңлім телефон шалып, 90-ға келген шешеміздің құлап омыртқасын 
сындырып үзіп алғанын айтты. Бір сәттің ішінде менің шешем қайратты еркін әйелден, 
әлсіз, дәрменсіз сәбиге айналды. 
Оның омыртқасының сынуына сәйкес сіңлімді қоршаған құпия, сырлардың да 
қабырғасы құлады. Ақырында, біздің арамыздағы қарым-қатынастар жақсара бастады. 
Мен сіңлімнің арқасының ауыратынын және бұл оның өмірін қиындатып жүргенін 
байқадым. Ол үнсіз қиналғанды жөн көріпті, сондықтан күйеуі бұл туралы ештеңе 
білмеген. 
Екі айды ауруханада өткізіп, шешем үйге келуге дайындала бастады. Бірақ, ол 
енді жалғыз тұра алмағандықтан оны қолыма алуыма тура келді. Бұдан не шығатынын 
мен білген жоқпын, сондықтан да Құдайға: «Жақсы, мен оған күтім жасаймын, егер 
Сен өзің, әсіресе ақшалай көмектессең» дедім. Басында өте қиын болды. Шешем 
ауруханадан сенбі күні шықты, ал келесі жұмада маған Сан-Францискоға кетуге тура 
келді. Мен оны жалғыз тастай алмадым, бірақ маған міндетті түрде бару керек еді. Мен 
тағы да Құдайға: «Құдай, өтінемін, қамқоршы болшы. Кетпей тұрып оған күтім 
жасайтын жақсы адам табуым керек» дедім. Бұндай жақсы адам келесі бейсенбіде аяқ 
астынан табылды. Бұл жерде, «Не білу керек болса, барлығын да білемін. Не қажет 
болса, менде сол болады» деген басқа метафизикалық принцип іске асып тұр. Сіңлім 
менен көмектесуімді өтінді. Көптеген жылдар бұрын, шешем екеуміз өгей әкеден 
кеткен кезімізде, ол кісі сіңліме дұрыс қарамапты. Содан бері оны үнемі қорқыныш пен 
үрей билеп келеді. Әлі күнге дейін мен оны емдеудің әртүрлі жолдарын іздестіріп 
келемін. Шешем өзін бұрынғыдан әлдеқайда жақсы сезінеді. Мен оған есту аппаратын 
алып бердім, оның өмірге қызығушылығы артты. Шешем екеуміз көп уақытты бірге 
өткізе бастадық. Біздер бірге күлеміз, бірге жылаймыз. Рас, кейде менің әлсіз жерлеріме 
де тиіп кетеді, бұл тура менің соған қатысты жұмыс жасауым қажет екенін еріксіз еске 
түсіреді.
«Көгілдір кітаптың» бірінші нұсқасы «Өз өміріңді сауықтыр» шыққан кезде 
оның көп рет қайта басылатынын және күндердің күнінде оны жалғастыру қажеттігі 
туындайтынын білген жоқ едім. 
Әрине, кітап өзінен-өзі емдей салмайды. Бірақ ол адамның ішкі мүмкіндіктерін 
ояту арқылы оның өзін өзі емдеу процесіне жәрдем береді. Моральдық тұрғыдан сау 
болу және тән саулығын қамтамасыз ету үшін тәннің, сананың және рухтың тепе-
теңдігіне жету керек. Адам өз тәніне мұқият қарауы тиіс. Сол сияқты, өзіне ғана емес, 
өз өміріне де дұрыс көзқараста болғаны жөн. Және де осыларда мықты рухани 



байланыс болсын. Осы үш нәрсе өзара тең болса, адам өмірден рахат алады. Егер біз 
өзіміз осыған жетпесек, бір де бір дәрігер бұл орайда жәрдем бере алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет