Сіз бұған сенесіз бе, жоқ па, бірақ біз өз ойымызды өзіміз таңдаймыз Біз қайта-қайта бір нәрсе туралы ойлай беруге бейімбіз, сондықтан бізге, өз
ойларымызды өзіміз таңдайтындай болып көрінеді. Біздің белгілі бір нәрсе туралы
ойлағымыз келмейді. Біз өзіміз туралы қаншалықты жиі жақсы ойлағымыз келмейтінін
есіңізге түсіріңізші. Ал, қазір өзіміз туралы жаман ойламауды үйренейік. Осы
планетадағылардың барлығы да, мен білетін, мен бірге жұмыс жасайтындар артық-
кем дәрежеде өзін кінәлі сезіну мен өзін-өзі жек көруден жапа шегіп жүргендей
көрінеді. Біз өзімізді қаншалықты жек көрсек, соншалықты біздің жолымызда
сәттіліктер де аз болады.
Біздің ортақ ішкі танымымыз: “Мен онша жақсы емеспін” Біз “Бұл өмірде менің қол жеткізгендерім аз” немесе “Мен бұған татымаймын”…
дегенді жиі-жиі үстемелейміз. Сізге ұқсай ма? “Мен онша жақсы емеспін” деп сіз жиі
ойлайсыз ба, әлде айтасыз ба? Бірақ, кім үшін? Оның қандай өлшемі бар? Сізде осы
сияқты таным өте күшті болатын болса, онда қуанышты, қамсыз, толыққанды өмірді
қалай жасайсыз? Сіздің санаңыздан тысқарыдағы танымыңыз іс-әрекетіңізді үнемі
басқарады, сондықтан ол сіздің өміріңізде үнемі пайда болады.
Біздің проблемаларымызды ашу-ыза, басқаларды сынау, өзін кінәлау мен қорқыныш тудыратынына мен сенімдімін Бұл сезімдер өзінің проблемасына өзгелерді кінәлайтын адамдарда болады.
Түсінесіз бе, егер біз өзіміз басымыздан өтіп жатқан жайларға өзіміз 100 пайыз
жауапкершілікті арқалайтын болсақ, онда кімді сөгеміз?! Сіздің өмірде басыңыздан
өткерген жайлардың бәрі - сіздің өз ішкі ойыңыздың бейнеленуі. Мен кейбір
адамдардың келеңсіз қылықтарын жақтамаймын, біз үшін маңыздысы бізге осылай
қарым-қатынас жасаған адамдарды біздің танымымыз өзіне тартатынын түсіну. Егер
сіз: «барлығы мені сынайды, мен үшін ешкім ештеңе істемейді, менімен еден сүрткісі
келеді» деп ойласаңыз, бұл сіздің ойлау қалыбыңыз. Сіздің бүкіл өміріңізде осындай
адамдарды өзіне тартып тұратын ой сізде терең сақталған, егер одан бас тартсаңыз,
ондай адамдар сіздің өміріңізде өз-өзінен жоғалады. Сіз бұдан былай мұндай
адамдарды өзіңізге тартпайтын боласыз.
Мен төменде тәни дәрежеде көрініс табатын осындай ойлау қалыбының
нәтижесін келтіремін: 1. Ұзақ уақыт бойы жинақталған ашу-ыза, өз-өзіне көңіл
толмаушылық, реніш тәнді жеп,