34
Сонда мен сізді, тарс жұмылған қолға ештеңе сала алмайтыныңызды, әбден
қатып қалған қарым-қатынасқа ешқандай жаңалық енгізе алмайтыныңызды түсінуге
мәжбүр ете аламын. Мен сізге Кеңістікке (сізге өмір беріп тұрған күшке) көбірек сенуді
үйретер едім, ол сізге өмір ағысынан қалып қоймауға жәрдем берер еді. Мен сізді
қорқыныш стереотиптерінен қалай құтылуға болатынын және өз ойын тіптен басқаша
пайдалана отырып, жаңа тәжірибені қалай жинақтауға болатынын үйретер едім. Мен
сізге үйіңізге барып, барлық ескі-құсқыдан ажырауды, сөйтіп жаңа нәрселерге орын
дайындауды сұранар едім. Солай етіп тұрып: «Мен барлық ескілерден арылып, жаңаға
орын ашып жатырмын» деп дауыстап айтуға шақырар едім. Қарапайым, бірақ өте
тиімді. Ескіден арылу принципін игере тұрып, сіздің ішіңіздің қатуы, сіздің ескіге
жабысып, ажырамайтыныңыздың себебі ретінде өзінен-өзі жазылып кетер еді. Сіздің
денеңіз жеңілдеп, табиғи түрде сізге қажет емес нәрседен біржола құтылар еді.
Сіз мүмкін, менің
махаббат, бейбітшілік, қуаныш пен өзін-өзі мақұлдау
концепциясын жиі пайдаланатынымды байқаған боларсыз. Егер біз, шынымен
Құдайдың құдіретінің жәрдеміне сеніп, өзімізді өзіміз мақұлдап, махаббатқа толы
жүрекпен өмір сүрсек, онда бейбітшілік пен қуаныш біздің өмірімізді толтырып, кесел
мен қиыншылық жоламайды. Біздің мақсатымыз – аурусыз, өзіміз қатысқан көңілді
отырыстардан рахаттанып өмір сүру. Махаббат ашуды ерітіп жібереді, махаббат
реніштерді ұмытуға мәжбүр етеді, махаббат қорқынышты қуады, махаббат қауіпсіздік
әкеледі. Егер сіздің өміріңіздің негізінде өзіңізге деген махаббат жатса, онда сіздің
өміріңіз жеңіл, үндестікте, сау-саламат, жайнаған қуанышта өтуі тиіс.
Тәни кеселдерге ұшырағанда бұл кітапты пайдалануға болатын пайдалы
мысалдар мыналар:
1. Бұл кітапта кеселдің қандай психологиялық себебі берілгенін табыңыз. Сіздің
жағдайыңызда ол шындыққа сай ма, тексеріңіз. Егер олай болмай шықса, онда тыныш
отырып: «Менің қай ойларым осыған әкеліп соқтыруы мүмкін?» деп сұраңыз.
2. Өзіңіз үшін (лажы болса дауыстап): «Мен осы кеселді туындатқан ойлау
стеротипінен арылғым келеді» деп қайталаңыз.
3. Жаңа ой үлгілерін бірнеше рет қайталаңыз.
4. Сіз аурудан жазылу жағдайында екендігіңізге өзіңізді сендіріңіз. Сіз өз
кеселіңіз жайлы ойлаған сайын жоғарыдағы әрекеттерді қайталаңыз.
Содан соң қорытынды медитативтік талдаулар келеді, оларды күн сайын оқу
пайдалы, өйткені олар сау сана қалыптастыруға, сол арқылы тән саулығына жетуге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: