36
Маған менің мұрным ұнайды
Мен өзімді қоршап тұрғандардың бәрімен бейбіт өмір сүремін. Менің үстімнен
ешкім, ешқашан билік ете алмайды. Мен өз әлемімде күш пен биліктің иесімін. Мен
өзімнің шын құндылығымды мойындайтын ойларды ғана таңдаймын. Мен өз сезіміме
сенемін, өйткені мен қашан да Кеңістіктегі Ақылмен және Ақиқатпен
байланыстамын. Мен қашан да өзімнің дұрыс жолымды таңдаймын. Мен өзімнің
тамаша мұрнымды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің аузым ұнайды
Мен жаңа идеялардан қуат аламын. Мен қабылдап сіңіру үшін жаңа
концепциялар дайындаймын. Мен Ақиқат заңдары негізінде оңай шешімдер
қабылдаймын. Менде өмірге деген жақсы сүйіспеншілік бар. Мен қай нәрсе болсын
махаббатпен айтуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен не ойласам соны
батыл жеткізе аламын, себебі мен өз бағамды білемін. Мен өзімнің тамаша аузымды
сүйемін және бағалаймын!
Маған менің тістерім ұнайды
Менің тістерім сау және мықты. Мен өмірге қуанышпен қараймын. Мен
өзімнің өткен тәжірибемді толық ой елегінен өткіземін. Мен – табанды адаммын.
Менің шешім алуым оңай және оны өзгертпеймін. Мен өзіме мықты ішкі негіз
Достарыңызбен бөлісу: