Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет36/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Психологиялық алмасу:
өмір образын қалыптастыратын ой образы 
Біздің өміріміздегі барлық жақсы нәрселер де, барлық жаман нәрселер де – бұл 
біздің ойлану образымыздың салдары, ол біздің өмірімізде не болып жатса, соған әсер 
етеді. Өміріміздегі барлық жақсы және озық нәрселер бізде көптеген стереотип ойлар 
көп болғандықтан. Бұл бізді қуантады. Ал теріс ойлау стереотипі қолайсыз, зиянды 
нәрселерге алып келеді және ол бізді ойлантады. Біздің мақсатымыз - өмірді өзгерту, 
барлық кеселді және қолайсыз нәрседен арылу, сөйтіп деніміздің құлан-таза болуы. 
Біз қайсыбір теріс ойлау стереотипі арқылы бізге жан-жақты әсер ету тап 
келетініне көзіміз жетті, сол арқылы солай әсер ету сақталады. Біздің тұрақты 
стереотипіміз – нақты жағдайды жасайды. Бұдан шығатын қорытынды: стереотипті 
өзгерту арқылы біз нақты жағдайды өзгерте аламыз. 
“Метафизикалық себептілік” деген терминмен алғаш рет ұшырасқанымда 
қандай қуандым. Ол біздің нақты жағдайымызды туғызатын сөздер мен ойлардың 
күшін анықтайды. Мен үшін жаңа осынау білім ойлау мінезі, дене мүшелері және тән 
саулығы мәселелерінің арақатынасын түсінуге алып келді. Мен олай болуын қаламай-
ақ, өзіме осы ауруды шақырғанымды және бұл жаңалық менің бүкіл өмірімді 
өзгерткенін түсіндім. Бұдан соң менің өзімнің тәни және рухани қиындық көруімде 
өмірдің өзін немесе өзге адамдарды айыптау жойылды. Енді мен өз денсаулығым үшін 
барлық жауапкершілікті өзім ала алатын болдым. Өзімді ештеңеде айыпты демей-ақ, 
мен болашаққа және тән денсаулығын бұзуға апаратын ойлардан қалай қашып құтылу 
керектігін ойлай бастадым. 
Мысалы, мен желке тұсымдағы бұлшық еттердің қатып қалуынан қаншама рет 
қиналғанымды ешуақытта түсінбеппін. Сөйтсем, мойын мәселеге қараудағы 
жұмсақтықты, мәселенің шешілуіне жан-жақты қарау қажеттігін көрсетеді екен. Ал, 
мен, қашан болса да жұмсақ бола алмаппын, даулы мәселеге менің оппонентімнің 
көзімен қарауға қорқады екем. Өзімде жұмсақ ойлауды дамыта жүріп, мен өзгенің 
пікіріне үлкен махаббатпен және түсіністікпен қарауды үйрендім, сонда менің 
мойнымның ауырғаны қойып кеткенін байқадым. Қазір, мен, мойным кішкене қатая 
бастаса, менің ойларым қатуланып және қайтпайтындай болып кетпеді ме екен, тексере 
бастаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет