Ақша туралы түсініктер Ақшаның уайымы да адамға бала күннен қалған әсерлерден болады. Қаржылық
жағдайы жақсы әке ылғи да ақшасы азайып қала ма деп уайымдап отырғанын көрген
балада сол әсер қалып қояды.
Ақшаның бірде аз, бірде жетерлік болуы қалыпты нәрсе. Егер біз Ішкі
Күштерімізге сенсек, онда қиын кездер тез өтіп кетеді. Біз болашақта бізде бәрі де,
оның ішінде ақшаның молдығы да болатынына сенуіміз керек.
Ақша адамның барлық мәселесін шешіп бере алмайды. Көп ақша болса өмірді
ертегідей етіп өткізуге болады деп сенетіндер бар. Бірақ, бәрібір ақша ешқашанда –
бақытқа алып барар жол емес.
Өзіңізде барына риза болыңыз Мен жасымда маған жәрдем берген адамдардың бәрін жадымда сақтағанмын.
Кезінде олардың жақсылықтары үшін сый қайтара алмадым. Бірақ жылдар өте келе мен
де өзгелерге жәрдем бердім. Сондықтан, біреулерге жәрдем беру ісінде «сен – маған,
мен - саған» деген принцип жарамайды. Сені біреу түстікке шақырса, ертеңіне оны
шақырып жіберу онша орынды емес, ал біз көбіне солай жасаймыз. Біз ылғи тез
қайтарым жайлы уайымдаймыз.
Сыйды алғыс айта қабылдауды үйреніңіз. Қабылдай білуді үйреніңіз. Біздердің
проблемаларымыздың бірі – қабылдай білмейтіндігімізде. Беруді білгенде,
қабылдауды да білу керек. Біреуден сый алып тұрып «рахмет» деудің орнына «маған
шақ емес екен» немесе «мен жақсы көретін түс емес екен» десеңіз ол бұдан былай сізге
ешуақытта ештеңе сыйламайды.
Сіз біреуге ақша бергеннен гөрі оны сананы іске қосу арқылы ақшаны өзіңізге
қалай шақыруға болатынын үйретіңіз.
Оныншы бөлік ережесі Сіз түскен табыстарыңыздың оныншы бөлігін қайырымдылыққа жұмсаңыз,
сөйткен күнде табысыңыз молая түсетініне сеніңіз.
Адамдар: «менің ақшам көбейген соң, қайырымдылық жасаймын» деп ойлайды.
Ондай ойдағы адамдар ешқашан қайырымдылық жасамайды, қайырымдылықты
ертеңге қалдырмай, бүгін бастау керек. Солай еткеніңізде өміріңізде көп жақсы
жағдайлар болады. Бірақ, қайырымдылықты ақшаңыз көбеюі үшін әдейі жасағыңыз
келсе, онда ұтыласыз. Бұл жағдайда оныншы бөлік ережесі жүзеге аспайды.
Бұл әлемде барлығы жеткілікті. Ол тек қана сіздің оның өлшеусіз
байлықтарымен танысқыңыз келуін күтіп тұрады. Ақша сіз жұмсаймын деген
сомаңыздан анағұрлым көп. Адамдар – сіз өмірде кездестіргеннен анағұрлым көп.
Қуаныш пен шаттық та сіз ойлағаннан көбірек. Сіз осыған сенсеңіз, сіздің қалауыңыз
орындалады.