Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет64/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Үй – қасиетті ұя 
Сізді қоршап тұрғандардың бәрі сіз неге лайық болсаңыз, соны көрсетіп тұр. Өз 
үйіңіздің жағдайына, киімдеріңізге көз салыңыз. Оларды өзіңізге лайық санайсыз ба? 
«Мен бұл үйді көргім келмейді» десеңіз, сіз өзіңіздің жаныңызға жағатын үйді 
таба алмайсыз. 
Өзіңізде барды сүюді үйреніңіз, сонда сіздің осы сезіміңіз жаңа да әсем үйге 
кіруіңізге көмектеседі. 
Махаббат қатынастары 
Доктор Бернли Сигель «Махаббат, медицина және кереметтер» деген 
кітабындағы мына ойларды мен өте мақұлдаймын: «Көп адамдар, әсіресе рак кеселіне 
ұшырағандар, бала кезінде өз қалпының өзегінде бір кемшілік барына сенеді. Осы 
кемшілікті білдірмей жасырып, олар сүйікті болу мүмкіншілігін сақтағысы келеді. Егер 


60 
біреу-міреу оның шын бет пердесін көріп қалса, ол мәңгі бақи жалғыздық пен 
махаббаттың жоқтығын сезінеді. Олай ойлаған адамдар өз төңірегінде өзгелерді ізгі 
армандары мен терең сезімдерін бөліспейтіндей және құпияларына бойлай 
алмайтындай етіп қорғаныс қабатын жасап алады. Олар іштерінде бір бос кеңістік бар 
екенін сезінеді және осы бос кеңістігін толтырарлықтай қатынастар жасауға тырысады. 
Олар қайтарымына бір нәрсе алса ғана сүюге келіседі. Ал ол осы кесірлі шеңберден 
шыға алмайтындай ішкі ойранды одан сайын ұлғайтуға алып келеді».
Кез-келген қарым-қатынас өте маңызды, өйткені одан сіздің өзіңізге
қатынасыңыз көрініп тұрады. Егер сіз өзіңізді ұдайы сөгетін және барлық күнәларда 
айыптайтын болсаңыз немесе өзіңізді мәңгілік құрбандық ретінде сезінсеңіз, онда сіз 
өзіңізге осы ойларға лайықты адамдарды тартасыз, олар сіздің бейшара екенмін деген 
сеніміңізді нықтай түседі. 
Мүндай жағдайда мынадай жаттығу бар: «Мен махаббат үшін ашықпын. 
Махаббат – қауіпсіз» деп күніне үш рет қол жайып тілек тілеңіз. Осыдан соң айна 
алдына тұрып: «МЕН ЛАЙЫҚТЫМЫН. МЕН ЛАЙЫҚТЫ БОЛМАСАМ ДА осылай 
болуын қалаймын» деңіз.
Сіз түрлі жақсы нәрселерді жиі қайтарып жібересіз, өйткені оған лайық 
екендігіңізге сенбейсіз. Мысалы, сіз біреумен некеге тұру жайлы шешімге келдіңіз
немесе біреумен оңтайлы қатынас жасағыңыз келді. Сізбен кездесіп жүрген адамның 
сізге ұнайтын төрт ерекше қасиеті бар, ал сізге ол аз, оларды тағы да бір қасиеттермен 
толықтырғыңыз келеді. Әрі қарай барлығы сіздің өзіңізді қаншалықты сүйетініңізге 
байланысты. Сіз өзіңізбен қалуға келісім берген бірінші адаммен қалуыңызға да 
болады. Болмаса көп бәсекелестерді байқап көріп өзіңізге лайықты санаған адамды 
тауып алуыңыз да мүмкін. 
Егер сіз Жоғарғы Күш сізді шын сүйетін адамдармен қоршатып тұр және сіздің 
жолыңызда кездескен әрбір адам сізге жақсылық әкеледі деп сенсеңіз, солай болып 
шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет