59
Адалдықтың негізгі қасиеті – біз өзіміз қанша берсек, сонша қайтып ала
алатындығымызда. Себеп пен салдар заңы барлық деңгейде жұмыс істейді.
Егер біз
біреуді қорласақ немесе айыптасақ, онда өзіміз де айыптымыз және қорғанамыз. Егер
біз ұдайы ашуланып жүрсек, онда адамдардың өзімізге деген ашуын туғызамыз. Өзіңе
деген махаббат пен Әлемге деген махаббат камертон қағидасымен жұмыс істейді.
Бір офиске барғанда қаламсаптарды алып кететін адамдар бар. Үлкен әмбебап
дүкендерден аз-аздап зат ұрлап жүретіндер болады. Олар дүкен
бұдан кедей болып
қалмайды деп өздерін ақтағысы келеді. Бұлай ақталуда ешбір мағына жоқ. Біз бір
нәрсені рұқсатсыз алсақ – бір нәрсемізді жоғалтамыз. Егер берсек – аламыз. Басқаша
болмайды.
Егер сіз ұдайы бір нәрсеңізді жоғалтып жүретін
болсаңыз немесе өмірде
жағдайыңыз қалпынан шыға берсе ойланыңыз – сіз қалай алып жүрсіз? Біреудің бір
нәрсесін ала қоймағаныңызбен, мүмкін біреулердің
уақытын ұрлап немесе оның
абыройына тиіп жүрген боларсыз. Біз адамдарды айыпты сезінуге зорлаған әрбір сәтте,
біз өзіміздің дұрыстығымызға, өз күшімізге күмән келтіріп тұрмыз. Бұл өзімізді-өзіміз
ұдайы тексеріп тұруымызды және өзімізді өзіміз танудың биік деңгейін талап етеді.
Біз біреуден бір нәрсені рұқсатсыз алғанда, оны өз еңбегімізбен ала алуға лайық
емес екенімізді және бізден де солай алып кетуге келісім беріп тұрғанымызды
дәлелдеп, Әлемге жария етіп тұрмыз. Алып кете салуға болатын нәрсені ала салсақ, біз
өзімізді ешбір нәрсе өтпейтін қабырғамен қоршағанымыз,
одан шаттық пен
махаббаттың сәулесі өте алмайды. Біз өзімізге сый қабылдауға және жайлылықта өмір
сүруге тыйым салдық.
Ой-сананың мұндай стереотипі – біздің Жердегі өміріміздің ақиқаты емес. Біз
тамашамыз және ең жақсы нәрселерге лайықпыз. Біздің планетамызда бәрі де жетерлік.
Біз саналы түрде сұраған нәрселердің бәрін алуға лайықпыз. Біздің санамыз біздің
сөздеріміздің, ойларымыздың және әрекеттеріміздің мінезін анық айқындайды. Біздің
ойымыз біздегі нақты жағдайды құрайтынын анық түсінгенде,
біз өз ойларымызды
өзгерту үшін осы нақты жағдайымызды бақылай бастаймыз. Егер біз барынша адал
боламыз деп шешсек, онда өзімізге деген махаббатты таңдаймыз.
Адалдық бізге
өмірдегі жағдайлардың ең күрделілерін де жеңіл жеңуге жәрдем береді.
Егер сіз дүкенге барып сауда жасағанда бір заттың бағасы қосылмай қалса,
кассирге айтып төлеп кетіңіз. Егер оны үйге келген соң ғана байқасаңыз әңгіме басқа.
Бұл енді адалдықтың емес саналылықтың мәселесі.
Егер адал болмау сізге бірталай қолайсыздықтар әкелсе,
сізге махаббат пен
адалдық қандай тамаша өмір сыйлайтынын ойлаңыз. Сіздің өміріңіздегі жақсы
нәрселердің бәрі – сіздің күш салуыңыздың нәтижесі. Келіңіз, өз ішімізде сүйе білетін,
адал көзқарас қалыптастырайық және өзіміздің қолымыздан келетін мүмкіншіліктеріміз
туралы жаңа да таңданарлық фактілерді ашайық.
Достарыңызбен бөлісу: