Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Өзіңді мақұлдау мен өзіңді қабылдау – біздің өміріміздегі оң өзгерістердің



Pdf көрінісі
бет10/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Өзіңді мақұлдау мен өзіңді қабылдау – біздің өміріміздегі оң өзгерістердің 
кілті 
Өзіңді бұлай жақсы көру 
ешқашан, ешбір жағдайда да өзіңді сынауға 
болмайтынын сезіну
фактісінен басталады. Өз басымызды сынау біздің құтылуға 
тырысқан ойдың бейнесіне әсер етеді. Өз-өзіңді түсіну сиқырланған құрсаудан шығып 
кетуге көмектеседі.
Сіз жылдар бойы өзіңізді сынадыңыз, сонда да бұдан ешқандай жақсылық 
шықпағанын естен шығармаңыз 
Өзіңізді жақсы көруге тырысып көріңіз, және бұдан не шығады екен
байқаңыз. 
Өзіңді жақсы көру деп ешқандай эгоистік жақсы көруді немесе «өзін жақсы 
көруді» нысана ету емес. Өзін жақсы көру – демек, өз басыңның тірлік кешу фактісін 
мерекелеу мен өмірдегі сыйы үшін құдайға шүкірлік ету.
Өзіңді жақсы көру – демек, бәрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу.
Мен жақсы көруді сезінемін: 
*өмір процесінің өзіне деген; 
*тірі болғаныма қуанамын; 
*өзім көріп тұрған сұлулыққа; 
*басқа адамға деген; 
*білімге деген; 
*ойлау процесіне деген; 
*біздің денемізге және оның құрылымына
*жануарларға, құстарға және барлық тірі құбылысқа деген; 
*Жаратылысқа және оның қалай құрылуына деген. 
Сіз жеке өзіңіз бұл тізімге не қоса алар едіңіз? 
Ал енді, біз өзімізді қалай жақсы көретінімізді байқайық: 
*Біз үнемі өзімізге ұрсамыз және өзімізді сынаймыз; 
*Біз өзімізді тамақпен, ішімдікпен және есірткімен улаймыз; 
*Бізді ешкім жақсы көрмейді деген сенімді таңдаймыз
*Біз толық хаос пен берекесіздікте өмір сүрудеміз; 
*Біз өзімізге қарыз бен төзгісіз ауыртпалықты жасаймыз; 
*Біз қадір-қасиетті аяққа басатын ашыналар мен күйеуді (әйелді) өзімізге 
тартамыз. 
Қандай жағдай да, егер сіз өзіңіздің жетістігіңізді жоққа шығарсаңыз, бұл сіздің 
өзіңізді жақсы көрмейтініңізді білдіреді. Менің есіме көзілдірік киген өзімнің бір 
пациенткам түседі. Бір сабақ бойына ол өзін түп негізі балалық шақта жатқан бір 
қорқынышынан азат етті. Келесі күні ол оянады да, көзілдіріктің өзіне енді қажеті жоқ 
екенін түсінеді. Оның жанары 100 пайыз көреді. Бірақ үнемі өзіне: «мен бұған 
сенбеймін, мен бұған сенбеймін», деп айтып бүкіл күнді өткізеді. Сөйтіп, ол келесі күні 
тағы да көзілдірік киеді. Біздің санамыздан тысқары ойымызда юмор сезімі жоқ. Ол 
өзінде 100 пайыз көретін жанар пайда болғанына тіпті де сене алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет