кит» деген атауға ие болды:
1. Шерман заңы (1890 ж.). Бұл заңмен сауданы құпия моно-
полизациялауға тыйым салынады, кез келген салаға және бағалар
туралы келісімдерге бақылау орнатылады.
2. Клейтон заңы (1914 ж.). Бұл заң бағалық дискриминацияға
(кейбір жағдайларда қалыптасқан бәсекенің қалыптасқан ерекше-
лігіне қарай), өткізу саласында іскерлік белсенділіктің шектелуіне,
бірігудің белгілі бір түрлеріне, басшылардың өзара байласуына тыйым
салады.
3. Робинсон-Пэтмэн заңы (1936 ж.). Бұл заң сауда саласында
іскерлік белсенділіктің шектелуіне, соның ішінде, бағалық
дискриминацияға тыйым салады.
1950 жылы Клейтон заңына
Селлер-Кефовер түзетуі қабылданды:
заңсыз бірігудің түсінігі нақтыланды. Яғни активтерді сатып алу
жолымен бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңы ірі фирмалар-
дың көлденең бірігуіне тосқауыл қойса, онда Селлер-Кефовер түзетуі
тігінен бірігуді (мысалы, өндіріс – өнімді өткізу) шектеді.
Еуропалық мемлекеттердің көбінде ұзақ уақыт бойы анти-
монополиялық заңдылықтар мүлдем болмады. Қабылданған бірқатар
заңдар тәжірибеде өте сирек қолданылып, жеке немесе ұжымдық
нарықтық билікті асыра пайдаланушыларға ғана бағытталды.
Еуропалық мемлекеттердің үкіметтері оларда өндірістердің шоғыр-
лану деңгейі АҚШ-қа қарағанда төмен деп болжады. Сондықтан
Еуропада шоғырлану үдерісіне және картельдердің қалыптасуына
жол берілді.
Антимонополиялық саясат нарықтық айырбасқа қатысушылардың
арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталады. Мұндай реттеудің
119
екі бағыты орын алады: 1) іскерлік тәртіптің белгілі бір әділетсіз
түрлерін шектеу немесе тыйым салу; 2) бәсекелестік нарықтық
құрылымды қалыптастыру.
Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан
реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше
тәсілдері бар, яғни