115
6.4. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен
өндіріс көлемін таңдау
Нарықтық құрылымның және бәсекелестіктің әртүрлі
жағдай-
ларында жұмыс істейтін кез келген фирманың іс-әрекеті пайда табуға
және оны арттыруға негізделеді. Ол мақсатқа жету үшін фирмалар
оңтайлы баға мен өндірістің тиімді көлемін таңдауы қажет. Жетілген
және жетілмеген бәсеке жағдайында өндірілетін тауарлардың әртүрлі
болуына байланысты фирмалар бағаны тағайындағанда оның өніміне
деген сұраныс қисығымен әрдайым санасып отырады. Содан соң
фирма пайдасын көтеретін өндірістің ең тиімді көлемін таңдауға
ұмтылады.
Жетілген бәсеке жағдайында
фирманың өніміне деген сұраныс
абсолютті
икемді болып табыла отырып, оның сұраныс қисығы
шекті табыс қисығымен сәйкес келеді,
бұл өз кезегінде фирманы
нарықтық бағаны басшылыққа ала отырып шығарылым көлемі
туралы шешім қабылдауға итермелейді. Фирма өз пайдасын шекті
шығындар нарықтық бағаға тең болғандағы шығарылым көлемі
кезінде максималдайды. Қысқа
мерзімде жетілген бәсекелес
фирманың ұсыныс қисығы өндірістің қысқа мерзімді шекті
шығындарының орташа өзгермелі шығындармен қиылысуындағы
жоғарғы кесіндісімен сәйкес келеді:
- өндірістің орташа шығындарынан жоғары баға кезінде фирма
экономикалық
пайда алады;
- бағаның өндірістің орташа шығындарына тең болуы кезінде
фирма нөлдік пайда ала отырып, өзін-өзі
өтеу жағдайында болады;
- фирма шығындарды ең аз деңгейге жеткізе отырып бағаның
минималды орташа өзгермелі шығындарымен тең болғандағы
шығарылым көлемін жүзеге асыруы қажет. Жетілген бәсекелестік
жағдайында ұзақ мерзімді уақытта MC=MR=AC=P теңдігі сақталады.
Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық
фирмаларының шығындары бірдей
болуы керек деген парадокс
туындайды. Жетілген бәсеке нарығында салаға кіріп-шығу тосқауыл-
дарының жоқ болуы ұзақ мерзімде нарықтық ұсыныстың ұлғаюы
есебінен экономикалық пайданың жоғалуына себепші болып
табылады. Жетілген бәсекелі фирманың және саланың ұзақ мерзімдегі
тепе-теңдік жағдайы нарықтық баға өндірістің ұзақ мерзімдегі
минималды орташа шығындарына тең болған уақытта орындалады,
яғни фирмалар нөлдік экономикалық пайданы ғана ала алады.
116
Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке
деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін
көлденеңінен қосу арқылы анықталады. Салалық ұсыныстың ұзақ
мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне
байланысты қалыптасады және оның
көлбеулігі мынадай болуы
мүмкін: а) көлденең түзу сызықты, егер өндіріс факторларының
бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз
қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлар-
дың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде
болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін
болса. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының
орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы
фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі
минималды орташа шығындарына тең болғандағы сату көлемін
таңдайды. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса
тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды
аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі
ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: