Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет28/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

2. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІ.
Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. 
Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. 
Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және 
оның қозғалысы негізгі 
4 сатыдан
өтеді:
1) өндіру
пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани 
игіліктерді жасау үдерісі.
2) бөлу
– өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.
3) айырбастау
– бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.
4) тұтыну
– жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру 
үшін қолдану.
Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:
1. Материалдық өндіріс
, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, 
материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, 
құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.
2. Материалдық емес өндіріс
, бұған денсаулық сақтау, білім беру, 
көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, 
басқару органдары және басқалары жатады.
Сонымен, 
өндіріс
– бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат 
баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық 
емес игіліктерді өндіру үдерісі.
Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті 
ұдайы өндіріс
деп атайды. 
«Ұдайы өндіріс»
терминін экономикалық 
ғылымда алғаш рет физиократ Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» 
(1758 ж.) еңбегінде қолданған болатын. Ол жасалатын өнімнің 
қозғалысы меншіктенушілер, өндіруші-шаруалар және барлық 
қалған топтар сияқты қоғамның үш табы арасында орын алады деп 
қарастырады.
Ұдайы өндірістің тұрпаттарын келесідей негізгі өлшемдері 
бойынша бөліп көрсетуге болады:
1) алынған табысты қолданудың сипатына байланысты;
2) өндіріс факторларын қолданудың саны мен сапасына бай-
ланысты.
Бірінші өлшемі бойынша қоғамдық ұдайы өндірістің жай, тарылған 
және ұлғаймалы деген тұрпаттарын көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет