Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет2/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЗЕРТТЕУЛЕР


4
ҚАЗІРГІ ПОЭМАДАҒЫ 
МӘҢГІЛІК МҰРАТТАР
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ ақындары өздерінің шы
-
ғармалары арқылы тек қана ұлттық емес, жалпыадамдық 
мәселелерді көтере білді. Көркем шығармаларға қоғам 
мен заманнан үлкен орын алатын өзекті мәселелер негіз 
болса, қазіргі қазақ ақындарының шығармаларына ар
-
қау болған осындай қоғамдық мәні зор мәселенің бірі – 
азаттық, бостандық, теңдік. Азаттық пен бостандық тек 
қазақтың ғана емес, жалпы адамзат баласының арманы 
екені белгілі. Қазіргі таңда қазақ ақындары сан ғасырлар 
аңсаған егемендігіміз жолында қаншама қан төгіліп, қан
-
шама жанның өмірі қыршынынан қиылғанын жан-жақты 
бейнелеуде. Адамзатқа ортақ бостандық мәселесінің қа
-
зақ халқы үшін де орны ерекше. Бұл мәселені ақындар та
-
рихи тақырыптарға жан бітіру, қазіргі қоғамда өмір сүріп 
жатқан замандастарымыздың тағдырын көркем бейнелеу 
арқылы шешуге тырысты. Олардың қатарында Қ.Мырза-
Әли, К.Салықов, М.Рәш, Н.Ораз, Ж.Бөдеш, Н.Айтұлы, 
Н.Оразалин, А.Егеубаев, Т.Әбдiрахманқызы, К.Ахмето
-
ва, Б.Жақып, Қ.Аманжол, И.Тасқараұлы, М.Бектемірова, 
А.Мұхаметқалиқызы және басқа ақындарды атауға бола
-
ды. 
Осы мақсатта тарихи поэмаларды көптеп жазған ақын
-
ның бірі – Несіпбек Айтұлы. Оның «Тоғыз тарау» жина
-
ғына енген «Сардар», «Бердіқожа батыр», «Шақантай», 
«Сары қаз», «Көкала үйрек», «Ерлік пен тектілік», «Кә
-
мей ұшқан», «Түс – елес» сынды поэмаларының дені 
тарихи тақырыпты арқау еткені мәлім. 2006 жылы 31 
тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Шұ
-
бартау өңірінде Шақантай батырдың 300 жылдық тойы 
аталып өтті. «Шақантай» поэмасы егемен елдің батыры
-
на жасаған құрметін одан да жоғары асқақтатып тұр.


5
Ал, «Көз жасым» (2006) жинағына «Басүйектер», «Жа
-
сынның сынығы», «Әнім саған – аманат», «Үзілмеңдер, 
үндістер», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек» поэмала
-
ры енсе, «Ерлікке ескерткіш» (2008) кітабынан «Ту» және 
«Ақмола шайқасы» поэмалары орын алыпты. Тарихи та
-
қырыпқа құрылған поэмалардың негізгі идеясы – жалпы 
адамзатқа ортақ азаттық пен бостандық. 
«Басүйектер» поэмасында ақын зымыран уақыттың 
өткеніне көз жүгіртіп, ғасырлардың қойнауына енген та
-
рихтан сыр шертеді. 
Ғасырларды сілкіп қалсам шаң басқан,
Шошынамын өз көзіме нанбастан.
Бір ғасырлар қолы шолақ, көзі жоқ,
Бір ғасырлар шойырылған жамбастан.
Бір ғасырлар әрең тұрар орнынан,
Басы-көзін қан басқан...»
[251-б.],
– дейді ақын. 
Мүгедек жанның аянышты тағдырын көз алдымызға 
елестете отырып, қазақтың өткен тарихын мүгедек адам
-
мен пара-пар суреттеуге ден қойған. Мүгедек күй кеш
-
кен ғасырлардан хабар беру үшін оларды сөйлетуді көз
-
деген ақын бас сүйектер ортасында отырған антрополог 
жігіттің алдында жатқан бастарға тіл бітіреді. Жер бетін
-
де бір сәт тыным алмай, бір-бірімен арпалысқан адамдар
-
дың кешегі тірлігі өткен тарихымыздан сыр шертеді. 
Бас сүйектерден шыққан дауыстар сарнай жөнелген
-
де бірі: «Аз ғұмырда арпалысып бағып ек, Ойсыз көрге 
оп-оңай омалды...» десе, келесі дауыс: «Мен – хан едім, 
Арыстандай ақырған, Жолбарыстай атылған. Жауларым
-
ды қоғадайын жапырған, Дүниені қара судай сапырған», 
– деп сөз бастайды. Басында тәжі тұрғанда өмірді бел
-
шесінен басқан хан өмірді сарайымен, малайымен, тәж 
бен тағымен, алтынымен, бал түнімен қымбат деп түсі
-
неді. «Алтын тақтан – ағайындық садаға!» деп төңірегі
-
не сауысқаннан сақ болған Хан өмірі «әкеге істегеніңнің 
балаңнан қайтатындығына» иландырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет