Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Өр толқын, асау тасқын, шулы ағындар,
Арнаңды неге солай бұрмадыңдар?
Бір сәтке Абдоллаға ара түсіп,
Ажалды неге бетке ұрмадыңдар?!
[286-б.]. 
Мезгілінен ерте солған Абдолланың қазасына өр Ал
-
тай ғана емес, табиғат ананың егілгенін ақын «Табиғат 
тұрды егіліп, жоқтау айтып, Кәрі жер омырауын жасқа 
бояп» деп образды бейнелейді. Ақын Қасым мен Абдол
-
ланы жүздестірмегенмен олардың рухын тілдестіреді. 
Ақындар рухы бірі өмірмен, екіншісі өліммен бақұлдаса
-
ды. Қасым «Көп еді ғой айтарың, көп еді ғой, Көкірегің 
өлеңнің кені еді ғой» десе, Абдолла «Қол-аяғы кісенсіз... 
Қару ұстап, Айқаста өлген ақында арман бар ма?!» дейді. 
Автор екі дүниедегі ақындардың бақұлдасуына көп нәр
-
се сыйғызған. Қасым Абдолланың өліміне «Самайына са
-
намның қырау салып, Үмітімнің көз жасын тамшылатар» 
деп егілсе, Абдолла оны жұбатып «Ақырғы ақын өзің бол 


11
аза тұтқан, Соғыста өлген соңғы ақын мен болайын» деп 
жұбатады. Абдолла мен Қасымды бір таудың теріскейі 
мен күнгейіне балаған ақын оларды Ертіс пен Жайыққа 
теңейді. «Бір ғұмыр бір-ақ сәттік жарқыл екен, Жасын
-
ның жерге түскен сынығындай...» боларын ескерткен 
ақын Қасым мен Абдолланы жасынның сынығына бала
-
са, оған Қасымның Абдолла туралы жыры мысал.
Н.Айтұлының «Әнім саған – аманат» деген поэмасына 
ХХ ғасыр тарихынан үлкен орын алатын Ұлы Отан соғы
-
сының бір шындығы негіз болған. Ақын тас түнек май
-
дан даласындағы дүниенің құлағын шыңылдатқан зеңбі
-
рек пен автоматтың дауысын бір сәтке тоқтатпақ болған 
ақ қанатты көгершін – әнге жан бітіреді. «Шеш, майдан! 
Үстіңдегі қан көйлекті» дей отырып, өмір мен өлім бет
-
тескен сәтте майдандағы жауынгерлерге патриоттық рух 
берген әуелеген әннің құдіретіне назар аударады. Әннің 
құдіретін өмірдің, тіршіліктің белгісіндей етіп суреттеуі 
орынды: 
Сілкінтіп сезіміңді ойрандаған,
Ерекше барлық әннен майдандағы ән.
Майданға жетті, міне, Жүсіпбек боп,
Қайран ән кең далада сайрандаған! 
[294-б.].
Жүсіпбек пен Рамазанның майдан даласындағы бір 
сәттік кездесуі мен Рамазанның «Жас қазақ!» атты ән-
аманатын халыққа жеткізгендігі нанымды. Ол майдан да
-
ласына жаңа леп алып келген Жүсіпбек Елебековтің әні 
арқылы зұлымдық пен ізгілік, жақсылық пен жамандық, 
өмір мен өлім, ақ пен қара тәрізді өзара арпалысқан бір-
біріне қарама-қарсы ұғымдардарды параллел суреттеуде 
жетістікке жетті. Бұл ұғымдар адам баласына мәңгілік 
құндылықтар жөнінде ой салады. Оны ақынның өлім мен 
өмір беттескен сәтпен бейнелеуі орынды. Елі мен жерін 
сыртқы жаудан қорғау тек қазақ халқына емес, адамзат 
баласына ортақ қасиет. 
Жер бетінде бейбітшілік орнауын арман еткен қа
-
зақ ақындары әлемде болып жатқан қақтығыстарға, қан 
төгістерге, соғыстарға үрейлене қарады. Оны ақынның 


12
«Үзілмеңдер, үндістер» атты поэмасынан көруге негіз 
бар. Поэманың жазылуына Америка үндістерінің бас
-
шысы Рассел Минстің жазықсыз қамауға алынғандығы 
түрткі болған. Тұрмысы да, тынысы да, мұраты да, мұ
-
расы да тоналған үндістердің бостандық алуын аңсаған 
Минстің тұтқынға алынуына куә болған ақын тығырыққа 
тірелген үндіс халқына адамзат баласынан көмек сұрай
-
ды: 
О, адамзат!
Қол ұшын бер, көмек ет?!
Үндістердің мүшкіл халін көре кет?
Тынар ма екен мына сұмдық-сұрапыл,
Көмек ет!
Көмек ет!
[315-б.].
Осылайша теңдік, еркіндік аңсаған үндістердің 
«Ұлан-байтақ өлкемізді Уысына сыйдырды. Біріміздің 
желкемізді Бірімізге қидырды» деген зар-мұңы қиыр
-
да жатқан қазақ ақындарына да қалам ұстатты. Адам
-
зат баласын алаңдатқан оқиғаны өзек еткен поэма үндіс 
жұртының мүшкіл халін бөлісуден туған еді. Жер бетін
-
дегі адамзаттың бейбіт өмір сүруін көздеген ақын әлемге 
бейбітшілік нәрін септі. 
Ол «Мұқағали – Желтоқсан» поэмасына отаршыл им
-
перияға қарсы күрескен қазақ жастарының 1986 жылғы 
Желтоқсан оқиғасын арқау етті. Бұл поэманың да негізгі 
лейтмотиві – азаттық, бостандық, теңдік. Сонымен бірге 
«Ту» және «Ақмола шайқасы» поэмаларына да қазақ хал
-
қының тәуелсіздік жолындағы жанкешті ерлігі негіз бол
-
ды. Азаттық, бостандық жолындағы күрес егемен елдің 
Астанасымен ұштаса бейнеленген. «Төбеңнен елдік 
нұрын тұрған құйып, Өмірде ешнәрсе жоқ Тудан биік» 
деп көк байрақты жоғары бағалаған ақын оған арнап кең 
құлашты эпикалық поэма жазды. Қазақ пен жоңғар ара
-
сындағы Аңырақай жазығындағы қанды шайқасты негіз 
еткен «Ту» поэмасында Төле би, Қазыбек би, Бұқар жы
-
рау, Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Ақтанберді, Дәу
-
летбай, Шыңқожа, Көкжал Барақ, би Боранбай, Жәнібек, 


13
Баймұрат, Наурызбай, Бердіқожа, Қазымбет сынды ба
-
тырлар мен Әсет Найманбайұлы, Кәрібай Таңатарұлы, 
Жақыпбек Кәріпбайұлы (1864-1972) тәрізді бірсыпыра 
тарихи тұлғалардың есімі мен жер атаулары кездеседі. 
Тарбағатай, Көктұма, Барқытбел, Ақшәулі, Аңырақай, 
Зайсан, Қоймаңырақ, Қозымаңырақ, Күршім, Жеменей, 
Майқапшағай, Қандысу, Майлышат, Алтай, Сауыр-Сай
-
қан, Бөкенбай жазығы, Жағалбайлы тауы, Жетісу, Алатау 
сынды жер атаулары поэманың деректілік, тарихилық си
-
патын толықтырары анық. Тарбағатай өңірінде өмір сүр
-
ген, Әсет пен Кәрібайдың соңына ерген Жақыпбек Кәріп
-
байұлы сынды шежіре қарттың айтуы арқылы жеткен 
тарихи оқиғаны нақты деректермен толықтырған ақын
әйгілі Аңырақай жазығындағы қанды шайқас туралы бір 
шындықтың көркем бейнесін жасаған. Тоқсандағы шежі
-
ре қартты бес жасында көрген ақынның бала кезінде есті
-
ген оқиғасы араға жылдар салып эпикалық шығармаға 
айналуы – қазақ тарихынан үлкен орын алатын оқиғаның 
ешқашан да ескірмейтіндігінің мысалы. 
Тарихи оқиғаны арқау еткен поэманың кейіпкерлері 
өмірден алынғандықтан мұнда шындық басым. Қазақ 
пен жоңғар арасындағы шешуші шайқасты жалаң бей
-
нелеуден бойын аулақ салған ол жекелеген эпизодтармен 
сол қанды оқиғаға жан бітірген. Құйрық-бауыр асасқан 
құдаларының қоқаңдап, қазақ жеріне сұғына бергеніне 
төзбеген Абылай қазақтың бар батырын жинап, шешуші 
шайқасқа шығатындығын хабарлайды. Оның:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет