Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет4/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
О, махаббат!
Құдіретті өмір – сен.
Армансызбын көз жасың боп төгілсем.
Жеңсем егер бір өзің деп жеңдім де,
Бір өзің деп жеңілдім тек жеңілсем!..
[269-б.] 
Жетінші дауыс – жер емшегін еміп өскен диқанның 
сыры. Титтей дәннің бойындағы үлкен құдіретті түсін
-
ген диқанның «Бір уыс дән көрден-көрге түсіріп, Бір уыс 
дән жеткізеді бақытқа», – деуі нанымды. Өшкенді тұ
-
татып, үзілгенді жалғап жүретін диқаншыны өз баласы 
көз алдында аштан өлгендігі күйзелтеді. «Етікшінің етік
-
ке жарымайтыны» тәрізді диқан баласының аштан өлуі 
өкінішті. 
Күс-күс қолым – қан тамыры тірліктің, 
Өмір – нан ғой, нан бар жерде мен бармын, – 
Немесе: 
Нан – үмітің,


9
Нан – шаттығың,
Нан – қайғың!
Соры да – нан,
Тері де нан маңдайдың!
Арың да – нан,
Жаның да – нан,
Қаның – нан!
Нансыз өмір бар дегенге нанбаймын
[272-б.], 
– дейтін диқан – адамзатқа тіршілік нәрін себуші жан.
Сегізінші дауыс – тірліктің тірегі – ана айқайы. «Ары
-
на дақ түспесін деп өмірдің, Қара көзден қанды жас боп 
төгілдім» дейтін ананың қуаныштан гөрі қайғысының 
көп болғандығын оның өмір жолымен түсіндіреді. Арпа
-
лысып, жұлысқан адам, отқа өртеніп құрысқан дала, быт-
шыт болып күлге ұшқан қала, бесігінде күрсінген бала, 
қасіреттен құнысқан даналарды көрген ананың «Ей, зұ
-
лымдық, Атың өшсін зұлымдық! Қан жұтқанша, қасі
-
реттің уын жұт» деп зұлымдыққа лағнет айтуы орынды. 
Себебі, ананың алдында бүкіл әлем кішірейіп, тағзым 
етіп тұрады. Сондықтан да ақын «Меніңше өмір – махаб
-
баты ананың, Меніңше өмір – бесіктегі балбөбек....» деп 
өмірді ананың махаббатына балайды. 
Тоғызыншы дауыс – сөз дауылын сапырып, найзағай 
боп атылып жүрген өр ақынның дауысы. «Жұрт жыласа, 
Жыладым мен мың есе» дейтін ақындардың елінің жо
-
ғын жоқтап жүретіні белгілі. Шаршы топта суырылып 
сөз бастайтын ақындардың ана тілінде жазған жырлары 
сан ғасырлар бойы елмен бірге жасайтыны анық. Сон
-
дықтан да ақын: 
Бәрі бекер...
Өтті хан да, қара да,
Қарақшының басы қалды далада.
Бала, Ана, Туған халқым, Туған тіл – 
Солар үшін барлығы да садаға!
[279-б.] 
– деген түйін жасайды.
Поэмадағы ханның, құлдың, батырдың, қарақшының, 
сәбидің, қыздың, диқаншының сөздері тек ұлттық мүд
-


10
делерді емес, жалпы адамзатқа ортақ мәңгілік құнды
-
лықтарды көтеріп тұрғаны белгілі. Ақын жалпыадамдық 
мәселелерді ел мен жердің, азаттық пен құлдықтың, өлім 
мен өмірдің, тоқшылық пен жоқшылықтың қадірін өз ба
-
сынан өткізген адамдарды сөйлету арқылы көтерген. Бұ
-
дан байқалатын нәрсе – тәуелсіздік тұсында қазақ ақын
-
дары ұлттық ауқымнан шығып, жалпы адамзатқа ортақ 
мәселелерге көңіл аудара бастандығы. Оны төмендегі 
поэмалардан да көруге негіз бар.
Н.Айтұлының «Жасынның сынығы» атты поэмасы Қа
-
сым Аманжоловқа арналған. Поэма Абдолламен бір май
-
данда болған Қасымның госпиталдағы сәтін суреттейді. 
Өң мен түстің ортасында жатқан Қасым жер де, аспан да, 
мұхит та қып-қызыл қанға бөгіп, қан өзен лықсып ағып 
жатқанын көреді. Осы сәтте Абдолла ақбоз атпен келіп 
Қасымды құтқарып кетеді. Көзін ашса, қасында Абдол
-
ла емес, ақ қалатты қызды көрген ол «күңіреніп шашын 
жайған қара орманның» қайда кеткендігіне таң қалады. 
Осы тұста қолына қаламын алған Қасым ақын «селдетіп, 
нөсерлетіп, жасындатып» жаза жөнеледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет