238
салған. ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалардың бірсыпырасын
еске ала отырып, қазақ халқының басынан өткен ауыр
күндеріне күйзеле білген автор оның бүгінімен марқа
-
йып шаттанады. Алайда қазіргі таңдағы келеңсіздіктер де
ақынды бей-жай қалдыра алмаған. Сондықтан да ол «О,
оқырман, кезексіз сөз аламын Құбылмалы мезгілдің мін
-
бесінен!» дейді. «Қабырға кеңесте» үш жүздің билері бас
қосқан «Мәртөбедегі» жиыннан сыр шертеді. Білекті күші,
найзаның ұшымен қорғаған
қазақтың кең байтақ жерін
жаудан қорғау мен елдің бірлігін сақтау керектігі жөнінде
ақын былай дейді: «Жауынсыз болса – жер жетім, Бірліксіз
болса – ел жетім. Басшысыз болса – ер жетім». Мұның өзі
ақынның ел бірлігі мен елді басқарар басшылардың алты
бақан алауыз болмауын аңсаудан туғандығы анық.
Өмірдің өзін сахнаға айналдырып, «Алпамыс батыр»,
«Манас» жырларын жатқа оқитын сықақшының Мұхтар
Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ахмет Жұбанов, Серке Қожамқұ
-
лов,
Шәкен Айманов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұста
-
фин, Асқар Тоқпанов, Сырбай Мәуленов, Қайнекей Жар
-
мағамбетов сынды ұлт зиялыларының және ұзақ жылдар
КСРО-ны басқарған Леонид Ильич Брежнев және басқа
басшылардың дауыстарын айнытпай салатынына ел куә.
Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы,
сатирик-ақын,
«бір өзі – бір театр» атанған Мыңбай Рәш ХХ ғасырдың
елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене
таныс. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар дос
-
тығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі заман
-
дас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын таңдама
-
лы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты
тілмен нысанаға алуымен құнды. Сондықтан да жазушы,
сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны
ерекше.
Ол не жазса да ықшам, қысқа да нұсқа жазады.
Шығармалары ұзақ сонар баяндау тәсілінен бойын аулақ
салып, көбіне көзі көріп, көңіліне ұялаған детальдарды
қызықты етіп жазады. Жеңіл оқылады, тартымдылығымен
дараланады. Автордың өзіндік стилі бар деуіміз де осыдан.