Тобы: ия 23-7 Қабылдаған: Мыңбай А



Pdf көрінісі
Дата27.11.2023
өлшемі180,54 Kb.
#129744
Байланысты:
Бөж Тарих



Баяндама
Тақырып :18 ғасырдың соңындағы Қазақстан және 
Орта Азия мемлекеттері 
Орындаған:
Абдырасимова Айсулу 
Тобы:ИЯ 23-7
Қабылдаған:Мыңбай А 


Ақтау қ. 
2023-2024 
ЖОСПАР 
1. Кіріспе 
2. Негізі бөлім. 
2.1
Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері
2.2Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қарым-
қатынастары
3. Қорытынды 


Кіріспе 
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы – 
алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға 
толы. 1730-1770 жылдары қазақ 
билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей 
империясының басшылық рөлін ресми түрде 
таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, 
мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, 
шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін 
мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден 
бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы 
тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру 
жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі 


басталды. Халық наразылығының тұтануына 
екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым 
жасау арандатып отырды. Қазақстанның 
отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның 
түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен 
еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 
жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл 
түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының 
сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, 
жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде 
империялық өктемдіктің және марксизмнің 
қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға 
табынушылық идеологиясының ықпалымен 
көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. 
XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан 
тарихы Еуразия даласының халықтарына 
дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс 
қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. 
Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге 
объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды 
тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің 
кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—
XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына 
зерттеушілердің назарын отандық 


тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен 
аудару қажет. 
НЕГІЗГІ бөлім 
XVIII ғасырдың, соңындағы 
Қазақстан және Орта Азия 
Мемлекеттері 
XVIII ғасырдың бас кезі қазақтар 
үшін сыртқы саяси жағдайдың 
қиындауымен ерекшеленеді. Жан-
жақтан: солтүстік пен батыстан – 
Ресей мемлекетінің, шығыстан – 
жонғарлардың, оңтүстіктен – Орта 
Азия хандықтарының саяси қысым 
жасауы айқын аңғарылды. 
Сонымен бірге қазақ қоғамының өз 


ішінде дағдарысты құбылыстар 
өріс алды: көшпелі ұжымдар 
арасында ынтымақ болмады, 
алауыздық етек алып, рулық 
тартыс, билік құрылымдары 
жолындағы ішкі саяси күрес 
күшейді, сол жылдарда қазіргі 
Қазақстан аумағаында «барша 
жұртқа қарсы баршаның соғысын» 
бастаған «келте хан» дейтіндер бас 
көтерген еді. Бұл соғыстар 
мемлекеттің экономикалық негізін 
әлсіретті, оның материалдық 
ресурстарын азайтып, адамдар 
шығынын көбейтті. 


1730-1770 жылдары қазақ 
билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей 
империясының басшылық рөлін 
ресми түрде таныды. 
Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, 
мемлекеттігінен айырылуына әкеп 
соқтырып, шын мәнінде отарға 
айналдырды. Ресей билігін 
мойындауға мәжбүр болған 
алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ 
халқының бұрынғы тәуелсіздігін, 
мемлекеттігін қалпына келтіру 
жолындағы ұлт-азаттық соғыстар 
кезеңі басталды. Халық 
наразылығының тұтануына екінің 


бірінде ұлттық және әлеуметтік 
қысым жасау арандатып отырды. 
Бүкіл дүниежүзлік тарих қалыптаса 
бастаған сауда-шаруашылық 
байланыстары мен кеңейе түскен 
дүниежүзлік рынок адамзаттың 
алдына жекелеген дүниежүзлік 
мемлекеттердің сауда жолдары 
тіршілігін өз қолында ұстауға 
ұмтылу фактісін тартты, өз 
кезегінде бұл олардың 
дүниежүзіндегі сауда және 
өнеркәсіп жөнінен бақталастығын 
туғызды. Осындай жағдайларда 
Орталық Азия елдерінің тарихы 
өзгеше қалыптасты. Адамзаттың 


өткендегі жалпы тарихынан бастау 
алып, гүлденген далалық 
өркениетті Қазақстан шектес 
жатқан алып кершілерінің сыртқы 
саясатында көңіл аударарлық 
объектіге айналады. Абсолюттік 
монархия орнығып, 
орталықтандырылған мемлекетке 
айналған, Азия халықтарың 
дипломатиялық жолмен бағындыру 
және әскери экспедициялар 
жөнінен тәжірибесі бар Ресей 
“Азияның барлық елдері мен 
жерлеріне жеткізетін қақпа кілті” 
болуға тиісті қазақ жеріне көз тіге 
бастады.Бұл орайда Ресей 


империясы ішкі кажеттерін де, 
Еуропа және Азия құрлықтарында 
орнығып алу қажеттігін де негізге 
алды. 
Қазақстанды бағындыру кезінде 
Ресей саясатының табысқа жетуіне 
Орталық Азия аймағындағы Ұлы 
дала көшпелілері мен оның 
көршілеріне тиімді болмаған 
жағдай да себепші 
болды.Жоңғария,Қытай,Осман 
империясы, Орта Азия 
хандықтары,Англияның мүдделері 
Орта Шығысқа келіп тайқаласты. 
Ресейдің «шығыстары саясатында» 
қазақтар жөніндегі мәселе Қазақ 


Қытай жерімен өтетін сауда 
жолдарын басып алу жоспарын 
туғызды. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет