63
6.
Сабақтың темпі мен ырғағы.
7.
Сабақ кезеңдерінің ӛзара байланысы.
8.
Сабақтың тәрбиелік салмағы.
9.
Мұғалім сауалдарының дидактикалық талапқа сай қойылуы.
10.
Сабақтың ғылымилығы, танымдық құндылығы.
11.
Сабақтағы пәнаралық байланыстың, интеграциялық байланыстың
жүзеге асуы.
12.
Сабақта мұғалімнің бақылауды ұйымдастыруы.
13.
Оқушылармен жеке дара жұмысы.
14.
Сабақ мақсатының дұрыс орындалуы.
15.
Мұғалімнің оқушыны үнемі дамытуға талаптануы.
16.
Сабақ үдерісінде оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын орнату.
17.
Сабақты пысықтау, оқушы білімін бағалауы, (оқушы білімін сарап-
тай отырып бағалау).
18.
Үй тапсырмасының педагогикалық талапқа сай берілуі.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосқан әдіскер-
ғалым Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі»
1
оқулығында сабақтың
бірнеше түрін атайды. Сабақтың түрлерін қолданылатын әдіс-тәсілдері мен
тақырыптарына қарай саралай отырып, қай сабақ типтерінде белсенді
қолданылатынын нұсқайды. Әдіскердің кӛп жылдық тәжірибесінде қолданған
интеграциялы «Қос үштік сабағы», ойын элементтері бар «Сот сабағы»,
«Жәрмеңке сабағы», «Кӛкпар, жарыс сабақтарын» қандай тақырыптарда
ӛтуге болатынын атап айтады.
Бүгінгі оқу үдерісінде сабақ форма жағынан да ішкі құрылымы
жағынан да ӛзгеріп, түрленіп отыр. Сабақ түрін анықтауда оқу үдерісінің
тұтас құрылымын ескерген орынды. Себебі кейбір сабақ үдерісіндегі шағын
ойын элементімен аталатын сабақ түрлері де тәжірибеде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: