78
бағасы әдебиет сабағында мәтінге жасалатын талдауды кең қамтуымен де
айқындалады. «Шығарма және оны талдау» деп аталатын бӛлімінде автор
талдау сабақтарының
формаларын айта келе, жазушы және оның стилі,
шығарма образдарына талдау, кейіпкерге мінездеме жасау жолдарын,
шығарманың композициясы мен сюжетін талдау, шығарманың тілін талдау
жолдарын танытады.
«ҮІІІ-Х кластарда оқушы тексті лекциядан бұрын үйде толық не
бӛлімі бойынша оқып келуге тиіс. Бұл сабақ міндетін жаңартады. Әдетте
методиканың бұл шарты орындалмай жүр. Соның салдарынан ҮІІІ-Х
кластарда да текст класта, үйде жеке бӛлімдері бойынша оқылып,
мазмұн-
далып, Ү-ҮІІ кластардағыдай әдебиеттік сабақтарына ұқсап жүр. Бұған тағы
бір себеп — оқушылардың дайындығының тӛмендігі. Кейбір мұғалімдер
үлкен романдарды да жеке бӛлімдері бойынша талдауға, дәлірек айтқанда,
мазмұндауға бейімделген. Дұрысында, жоғары кластарда, тарихи курс
методикасында қандай үлкен роман болмасын ол әуелі үйде алдын-ала
оқылып, лекция бағдарлаушы әңгіме, талдау сол негізде жүргізілуі тиіс.
Басқаша айтқанда VІІІ-Х кластарда текске тұтас талдау жүргізіледі»,–дейді
1
.
Автордың ұсынған әдістемелік жүйесі бүгінгі
мектеп практикасында
қолданылып жүрген басты әдістемелік бағыт.
Ә.Қоңыратбаев әдістерді тӛртке жіктеп кӛрсетеді. Олар:
1.Түсіндірме оқу әдісі;
2.Баяндау әдісі;
3.Эксперимент әдісі;
4.Кӛрнекілік әдісі.
Автор ӛзіне дейінгі әдіскерлердің (Ц.П.Балтолон, А.Д.Альферов,
В.Шереметовский, Д.И.Тихомиров, Ы.Алтынсарин) тәжірибесіндегі түсін-
дірме оқу әдісі туралы кӛзқарастарды саралай келіп, аталған әдістің орта
буын сыныптар мен жоғары сыныптарда да белсенді жүргізілетінін айтады.
Автор оқу кезеңінде әдістің жүргізілу ерекшеліктеріне ерекше мән береді:
«Кейбір мұғалімдер әдеби оқу мен тарихи курс методикасындағы оқу,
талдау сабақтары тұсында кей айырмашылық пен ұқсастықты жетік түсін-
бей, әдістерді шатастырып алады. Мысалы, кіріспе сӛз (4-7) бен лекция (8-
10) арасы қосылып кеткен. Оның үстіне жоғары сыныптарда мәтінді үйде
толық күйінде оқып келу ұйымдастырылмағандықтан, кӛптеген мұғалімдер
әдеби оқу методикасын қолданып, 8-10 сыныптарда да мәтінді бӛлшек
бойынша бірте-бірте сабақ қуып оқытып жүр. Одан қалса, нақты мәтінді
оқудан ӛткізуге
мән бермей, кейбір мұғалімдер кіріспе сӛз бен лекция
тұсында шығарманың мазмұнын ӛзі айтып беріп, сол тұста оның образдарын
да алдын-ала талдап береді. Дұрысында оқу, талдау балалардың ӛз
тәжірибесіне негізделуге тиіс. Әйтпесе бала мәтіннен қол үзеді»,
2
– деп
орынды ескертеді. Жасыратыны жоқ, мектеп практикасында бұл олқылықтар
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы «Қазақ мектептерінің ІХ-Х класс
мұғалімдері үшін кӛмекші құрал).– А., Мектеп, 1966.
2
Қоңыратбаев Ә. Әдебиет пәнін оқыту әдістемесі.– А., 2005.
79
бүгін де жойылып кете қойған жоқ. Оқушының әдеби мәтіннен алшақтауы-
ның бір себебі де осыдан.
Баяндау әдісіне байланысты да әдіскердің ерекше шегелей айтатын
ескертпесі осындай: «Бізде ӛмірбаянға әуестік, мәтінді шығарманың
мазмұнын, образдарын балаға оқытпай жатып, күні бұрын айтып беру әдеті
бар. Сӛзуар мұғалімдер
«оқу-талдау-жинақтау»
деген үш
егіз жұмыс
сатысын ақпармен айырбастайды. Бұл оқыту, үйрету әдісіне тиімсіз. Пән
оқытудың бастысы баяндау мен бақылау емес, оқу, үйрету, жаттықтыру.
Қай сабақ тұсында болса да сӛз азайып, жаттығу, балалардың ӛзін істетіп
дағдыландыру кӛбеюге тиіс. Жаттығу білімді дағдыға айналдырады»,– дейді.
А.Кӛшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» оқулығында
әдебиетті орта буын 4-7 сыныптарда (сол тұстағы орта буын саналған
сыныптар) оқыту әдістемесі мен әдебиеттің қысқаша тарихына жоғары
сыныптарда оқыту әдістемесін жүйелеген. Орта буын сыныптарда әдеби
шығарманы оқыр алдындағы кіріспе жұмыстарға мұғалімнің кіріспе сӛзін,
кіріспе әңгімені жатқыза отырып, оларды жүргізу тәсілдерін ұсынады. Ақын,
жазушылардың ӛмірбаянын оқып үйренуде әңгіме әдісінің белсенділігін
байқатады. Шығармадағы түсініксіз сӛздермен жүргізілетін жұмыс түрлері,
шығарманы сыныпта және үйде оқу мәселелерін сараптайды. Әдебиеттік оқу
сыныптарында автордың ерекше назар аударатыны – мәтінді үйде және
сыныпта оқыту мәселесі. Шығарманы мәнерлеп оқу амалдарын түсіндіре
келіп, шығарма талдау әдіс-тәсілдерін ұсынады. Автор кӛбіне ауызша оқыту
әдістеріне басымдық береді. Мәтінге жоспар жасап үйрету, жай, күрделі
жоспар түрлерін айқындай отырып, шығарманың сюжеті мен композициялық
құрылымын меңгертуді кӛздейді. Әдіскер кӛбіне
орта және жоғары
сыныптарда әдебиетті оқыту әдістемісінің құрылымы мен мақсат-міндеттерін
айқындауға күш салады
1
.
Ал Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесің еңбегінде практикалық
әдістерге поэтикалық талдау, кӛркем мәтінмен жұмыстар, репродуктивтік
әдіс пен эвристикалық әдістерді жатқызады.
Әдіснама — пәнді оқытуда басшылыққа алынатын қағидалар, ұстаным-
дар, кӛзқарастар жүйесі деп тани отырып, жаңа оқыту технологияларына
түсініктеме береді.
Технологияның пән бойынша білім мазмұнын сұрыптауды,
таңдауды
білім берудегі уақыт ӛлшемдерін, білім беру мӛлшерлерін, қажетті құрал-
жабдықтарды, оқыту түрлерін, оқу үдерісіне қатысушылардың орнын, әрекет-
терін оқытудың мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерді, олардың баға-
лауды т.б. мақсаттан нәтижеге жеткізетін жағдайлар мен оларды ұйым-
дастыруды қамтитынын атап ӛтеді.
Т.Қ.Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі» оқулығында әдістеме
ғылымында кеңес кезеңінде қалыптасқан әдістемелік жүйені атай келе,
кӛбірек жаңа технологияларды саралайды.
Әдіскер-ғалым дамыта оқыту
технологиясы, модульді оқыту технологиясы, деңгейлік оқыту технологиясы,
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.– А., Мектеп 1969.
80
компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясының үлгілері,
оқытудың жобалау технологияларын сипаттайды. Әдіскердің кӛбірек
сыныптан тыс оқыту мәселесіне ден қояды.
1
Достарыңызбен бөлісу: