А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі



Pdf көрінісі
бет5/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі.
Бастауыш сыныптарда негізінен оқу мәдениетінің бастапқы білімі қалыпта-
сады, мәтінді жүргізіп оқу, мәнерлеп оқудың алғашқы дағды, машығы және 
кӛркем шығарманы түсініп оқу, ішінара (элементтік) талдаулар жүргізіледі. 
Кӛркем мәтін негізгі білім беру кӛзі ретінде танылады. Кӛркем мәтін 
айналасында кӛптеген оқу әрекеттері жүзеге асырылады: дүниетанымдық, 
шығарманы эмоциялық қабылдау, сӛйлеу тілі дағдылары – барлығы мәтін оқу 
әрекеті тӛңірегінде іске асады.
Мектеп оқушысы мектепке дейінгі тәжірибесіне сүйене отырып кӛркем 
шығарманы тұтас құрылым ретінде таниды әрі жеке автордың туындысы 
ретінде қабылдай бастайды. 
Әдеби білім негізі орта буын сыныптарда қаланады. Алғаш кӛркем 
шығарма әлемін тануға күш салынады. Әдебиет пәні кӛркем мәтіндерді 
негізгі құрал ретінде пайдалана отырып, алғаш ӛнердің үлкен саласының 
бірі әдебиеттану сабақтарын бастайды. Әдебиет теориялық білімнің де бас-
тапқы негізі осы орта буын сыныптардан қаланады. Шығарманы мақамына 
келтіріп оқу дағдылары орта буында толық қалануы тиіс. Шығарма 
композициясын таныту мақсатындағы мәтінге жасалатын жоспар түрлері, 
оқушының жазба тілі мен сӛйлеу тілін дамыту әрекеттері, сӛз образы мен 
кӛркем кейіпкер образына талдау жұмыстары, шығарманың тілдік ерекше-
ліктерін ажыратып тану, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырату,
шығарманың кӛтерген басты мәселесі, қосалқы тарырыптар, шығарма 
ӛзегіндегі авторлық кӛзқарас, автор поэтикасы, шығарма идеясын таныту 
жұмыстары 7-9 сыныптарда белсенді жүргізіледі. 
Оқушылардың сӛйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға, 
кӛркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды 
қайырымдылық, ӛз басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын 
сыныптарда қалыптасады. 
5-9 сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламалары қазақ әдебиетінің үздік 
шығармаларын шоғырландыру ұстанымы және хронологиялық жүйе 
бойынша құрылған. Сонымен қатар әлем әдебиеті үлгілері де ұсынылған. 
Әдетте орта буын сыныптарда қаламгердің ӛмірбаяндық деректері беріледі. 
Орта буын (5-9) сыныптарда қаламгер ӛмірбаянын дербес сағат кӛлемінде
оқыту жоспарланбаған. Ӛмірбаяндық деректер оқылатын мәтін мазмұнын 
ашуға қызмет жасайды. Әдеби-теориялық білім мен әдебиеттің тарихи 
курсын оқуға даярлық та орта буында жүргізіледі. Ал автор ӛмірбаянын жеке
сағат кӛлемінде оқыту әдебиеттің тарихи курсын, автор шығармашылығын 
монографиялы түрде оқитын 10-11 сыныптарға тән.



5-9 сыныптарда әдебиет теориясынан түсініктерді мақсатты түрде 
игеруге және кӛркем шығарманың поэтикасын қарастыруға зер салынады. 5-6 
сыныптарда оқушылар мәтіндегі кӛркем сӛз айшықтарын (теңеу, метафора, 
эпитет, метонимия т.б.) тауып қана қоймай, олардың мәнін, кӛркем мәтіннің 
табиғи ажарын келтірудегі қызметін ажыратып тануға ден қояды. Әртүрлі 
суреттерді сӛзбен бейнелеуді үйренеді, жанр ұғымын ашады, белгілі бір 
сӛздердің мағынасын, композиция мағынасын және оны құрайтын компо-
ненттерін түсінеді. Осыған әңгімелесудің нәтижесі, мазмұндау, іскерлік 
ойындар жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қол жеткізеді. 
5-6 сыныптарда ауыз әдебиетін оқып үйрену арқылы оқушылар ха-
лықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени 
мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының 
рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының ӛткені 
мен бүгінін салыстырып, ой елегінен ӛткізе алуына жәрдемдеседі.
Орта буын сыныптарда әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың ӛзіндік 
ерекшеліктерін, қызығушылықтарын дамыту, оқушының танымдық ой-
ӛрісін, эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын жетіл-
діру, коммуникативті құзірет жетілдіру басты назарға алынады. Оқушының 
ізденімпаздығын, белсенділігін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығар-
машылық ойлауын қалыптастыруда олардың ӛзіндік ерекшеліктері, қабілет-
қарымдары ескеріледі. 
10-сыныпқа арналған білім мазмұны ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қазақ 
елінің болашағын ағартушылық идеясымен байланыстыратын, саяси және 
рухани тәуелсіздік рухы біріктіретін ақын-жазушылар топтамасынан 
құрылған. Тәуелсіз елдің ӛз мұраларын жаңа заман идеяларына сәйкес танып 
білу мақсатынан әдеби білім мазмұны толыға түсті. Осыған орай әдебиеттің 
кӛрнекті ӛкілдерінің мұраларын дербес сипатта оқыту жоспарланған. 
Қазақтың сӛз ӛнері мен музыкалық мұрасының дамуына елеулі үлес қосқан 
сал, сері, әнші, сазгер ақындар шығармашылығы қамтылған. 
Ал 11 сыныпта берілетін білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінгі 
күнге дейінгі уақытты қамтиды. Осы орайда Х.Есенжолов, І.Есенберлин, 
Қ.Аманжолов, Ж.Молдағалиев, Ә.Тәжібаев, Ә.Нұрпейісов, Ӛ.Бӛкей, 
Ш.Мұртаза, 
М.Мақатаев, 
Қ.Мырзалиев, 
С.Жүнісов, 
Ә.Кекілбаев, 
Т.Молдағалиев, С.Мауленов, Т.Ахтанов, М.Шаханов, т.б. қаламгерлердің 
шығармалары оқытылады. 11 сыныпта ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге 
дейінгі қазақ әдебиеті туралы білім қалыптастыру кӛзделген.
Бағдарлы сыныптарда тақырыптық жүйеге орай әдебиет теориясы мен 
әдебиеттану ғылымынан түсініктер беріледі. Орта буында басталған әдеби-
теориялық ұғымдар тереңдетіле отырып, әдебиеттiң тектерi мен жанрлары, 
авторлық стиль, туындының композициясы, тiлдік ерекшелігі, әдеби ағым 
туралы ұғым тереңдетіледі.
10-11 сыныптарда әдеби мәтінді оқыту әдістемесі орта буын сынып-
тарға қарағанда ӛзгеше. Орта буын сыныптарда кӛлемі шағын әдеби мәтіндер 
сыныпта не үйде оқытыла отырып, тұтастай талдауға бағытталса, жоғары 
сыныпта ұсынылатын әдеби шығармалар үзінділер емес, бұл сыныптардағы 



ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқытылады. 10-
11 сыныптарда шығарманы мүмкіндігінше тұтастай оқыту кӛзделген. Әдеби 
талдау жоғары сыныптарда да жүзеге асырылады. Дегенмен, орта буын 
сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі құрылыммен, белгілі бір ӛзекті 
мәселеге орайластыра талданады. Қаламгер шығармашылығы монографиялы 
түрде оқытылуына байланысты қаламгердің белгілі бір әдеби жанрдағы 
ерекшелігі (егер шағын кӛлемдегі эпикалық түр болса) бірнеше шығарма-
сымен не осы саладағы ӛзге қаламгер шығармашылығымен салыстырыла 
талдануы мүмкін. Сондай-ақ талдауға нысан болатын кӛлемді туындысы 
(роман, роман-эпопея т.б.) әр тарапты проблемалық ұстанымда талдануы 
қажет. Орта буында бір ғана шағын шығарманың ішкі құрылым жүйесі, 
образдары талданса, жоғары сыныпта талдау нысанына кӛлемді шығарма-
ның тұтас құрылымы, әлеуметтік, саяси мәселенің кӛрінісі, образдар 
галереясы, әдеби үдерістегі орны т.б. ауқымды мәселелері алынады. Кӛбіне 
белгілі бір кӛтеріліп отырған мәселе тӛңірегінде оқушының ӛзіндік 
кӛзқарастары, дәйектемелері, жеке ұстанымдары есепке алынуы керек. 
Жасыратыны жоқ кӛбіне, бүгінгі мектеп практикасында жоғары сынып 
оқушыларының ӛзі шығарма тӛңірегіндегі баяндаумен шектеліп жүр. Оқушы 
тарапынан оқиға желісін баяндау ағаттық емес, тек бұл тәсіл орта буынның 
5-6 алғашқы сыныптарына тән оқу әрекеті. Оқушының сӛйлеу тілін дамыту 
мақсатында жүзеге асырылатын тәсілдің бірі. Ал жоғары сыныпта оқырман 
ретінде, әдеби мәтінді ӛнердің бір перзенті ретінде танып, талғаммен қарау, 
шығармадағы кӛтерілген мәселеге азаматтық ұстанымын білдіру, шығарма-
дағы кейіпкерлер әлемін тануда типтік бейне, шынайы ӛмірмен байланыс 
тұрғысында баға беру басым болғаны абзал. Сол себепті жоғары сынып оқу-
шыларына әдебиеттің сыны, оқулыққа енген шығармалар жайлы әдебиет-
танушылардың пікірлері де қоса ұсынылған.
Тәуелсіздік жылдарда жарық кӛрген қазақ әдебиеті бағдарламасынан 
бері (1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының 
жобасы)
1
орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп 
беріліп жүр. Авторларымыз әдебиеттік оқудың ұстанымдарын 5-7 сынып-
тарға топтастырып, 8-9 сыныптан бастап ежелгі дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ға-
сыр әдебиетін ұсынып келеді. Ал 9 сыныптан басталатын әдебиеттің тарихи 
курсында ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап ежелгі дәуір әдебиеті кезеңіндегі 
мұралар, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиет ӛкілдері қайта 
ұсынылып келеді. Психолог мамандардың оқушы дамуының кезеңдеріне 
қатысты зерттеулері негізінде қалыптастырылған әдеби білімнің екі кезеңі: 
5-9, 10-11 сыныптардағы әдеби білім мазмұны сақталғаны дұрыс деген 
пікірдеміз. Себебі әдебиеттің тарихи курсын белгілі бір әдеби білім кезеңіне 
ғана (10-11сыныптар) топтастырмау салдарынан, оқу материалының 
қайталануына жол берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет