А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


І БӚЛІМ  «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»



Pdf көрінісі
бет3/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

І БӚЛІМ 
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»
 
І.1. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ 
МАЗМҦНЫ, ӘДЕБИ БІЛІМ КЕЗЕҢДЕРІ 
1.Әдебиетті оқыту әдістемесінің ӛзіндік ерекшеліктері. 
2.Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері. 
3.Әдеби білім кезеңдері. 
4.Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері. 
Барлық ғылыми пәндер дүние тануға, адамның таным білігін қалып-
тастырудағы әсер-ықпалымен белгіленеді. Әр ғылым бұл міндетті ӛзінің 
материалының кӛлеміне, зерттеу тәсіліне байланысты шешеді. Ал әдебиеттің 
әдістемесі үлкен материалмен, яғни адамға қатысты жұмыс істейді. Адамды 
оқыту және тәрбиелеу - қай ғасырда болсын ең маңызды міндеттің бірі.
Сабақ үдерісі ӛте күрделі құрылым болып есептеледі. Ол синкретті 
білім мен еңбекті талап етеді. Педагогика, психология, таным теориясы, педа-
гогикалық шеберлік, коммуникативті құзіреттілік, эмпатиялық қарым-
қатынас, жобалау мен жоспарлау құзіреттілігі т.б. кӛптеген қабілет – қарым-
ды қажет етеді. Мұғалім сабақтың әрбір сәттеріндегі әдіс-тәсілдермен қару-
ланған, теориялық жағынан терең білімге ие болуы сабақ үдерісінің дұрыс 
бағытталуына үлкен септігін тигізеді.
Әдебиет мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеттері
негізінен әдебиет пәніне арналған бағдарламаларда белгіленген. Әр ұстаз ӛз 
пәнінен сабақ беруді бастамас бұрын бағдарламаның түсінік хатын оқып,
әдебиетті оқыту міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі 
мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқаулармен, әдебиетке байланысты 
сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен жалпы айтқанда жүргізгелі 
отырған курстың барлық мақсат, міндеттерімен жете танысып, ӛз ісіне 
сауатты дайындықпен келуі тиіс. Алайда әдебиетті оқыту әдістемесінің ішкі 
мазмұнында қамтылатын негізгі мәселелерді айқын әрі терең ұғыну үшін 
бағдарлама мазмұны жеткіліксіз болады. Яғни ұстаз әдебиеттің бағдарлама-
сымен үстірт танысып, мойындап қана қоймай, әдістеме мазмұнының талап-
тілектеріне сай сын кӛзімен тексеріп, зерттеп, шығармашылықпен меңгеруге 
міндетті. Тек сонда ғана ол әрбір сыныпта оқып үйретуге тиісті әдеби ма-
териалдардың ауыр, жеңілдігі, берілген сағат мӛлшеріне сәйкестігі, оқушы-
ларға берілетін әдеби-теориялық білімнің кӛлемі мен мазмұны, жүйелілігі, 
ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері т.б. кӛптеген 
мәселелер туралы ғылыми-әдістемелік қорытындыға келе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет